Кәрім Мәсімов Терроризмге қарсы орталықтың отырысын өткізді

17:54, 13 желтоқсан 2018

Бүгін Астанада ҰҚК Төрағасы Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды ВNews.kz.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми парақшасында хабарланғандай, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары қару мен жарылғыш заттардың радикалдық ортаға түсу жағдайын жою бойынша шараларды қарады.

2018 жылғы ТҚО жұмысына қорытынды жасалып, келесі жылға арналған бірінші кезектегі міндеттер белгіленді.

ТҚО отырысының нәтижелері бойынша бірқатар хаттамалық шешімдер қабылданды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!