Қазақы ит тұқымдарының стандарты толықтырылды
© Фото: akorda.kz
Экология және табиғи ресурстар министрлігі қазақы ит тұқымдарының стандарттарына өзгерістер дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, стандартқа қосылды:
- Шығу тегі — Қазақстан.
- Мақсаты — малды, мүлікті және адамдарды сүйемелдеу және қорғау.
- Халықаралық кинология лық федерация ның (FCI) жіктемесі — 2-топ. Пинчерлер мен шнауцерлер – молосстар -швейцариялық таулық және мал қорғайтын иттер. 2.2 бөлім. Молосс, таулық түрі. Жұмыс сынақтарымен.
Сонымен қатар қысқаша тарихи анықтамамен толықтырылды.
Тұқымның тарихы ежелгі дәуірден бастау алады және Еуразиялық дала кеңістігінде көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы мәдениетінің қалыптасуымен байланысты мал бағатын бөрібасар иттерді пайдалану қажет болды.
Қазақы бөрібасар иттердің тұқымының қалыптасуы оларды пайдаланудың бірыңғай ауқымының қалыптасуымен байланысты екені анық, бұл қазақ тайпаларының қазіргі Қазақстан аумағындағы біртұтас халыққа бірігуінің және XV ғасырда Қазақ хандығының қалыптасуының нәтижесі болды. Қазақы бөрібасар иттердің сипаттамалары ұқсас және Орта Азия, Моңғолия, Кавказ және т. б. бөрібасар иттерімен туыстығы болуы мүмкін.
Соңғы бірнеше ғасыр қазақы бөрібасар тұқымы Төбеттің түпкілікті қалыптасуының уақыты болды.
Иттің дене бітімі тепе-тең, бойы орташадан жоғары және биік, сәл ұзартылған формат. Дене бітімінің түрі қатқыл (қаңқа, сіңір-байлам аппараты, терінің тығыздығы мен қалыңдығы, тері астындағы май жасұнығы (клетчаткасы) толық дәрежеде дамыған). Жыныстық түрі (диморфизм) көрнекті. Түпкілікті қалыптасу 3-4 жаста аяқталады. Жұмыс қабілетін ұзақ сақтайды. Бұлшықеттері күшті, серпімді, тығыз және құрылымы қатты, орташа салмақты және көлемді; бұлшықеттердің бедері қалың теріден және жеткілікті ұзын және қалың жүніне байланысты көрінбейді. Өте үлкен емес бұлшықет көлемі бұлшықет құрылымының тығыздығымен және сіңір–байлам аппаратының күшті дамуымен теңеледі.
Құжат 20 қарашаға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:48, 7 қараша 2024
Қазақстандықтар бұдан былай әскерге SMS арқылы шақырылады
-
14:34, 7 қараша 2024
Димаш Құдайберген Елисей сарайындағы кешкі асқа қатысты
-
14:17, 7 қараша 2024
Ресей президенті Қазақстанға ұшып келеді
-
14:02, 7 қараша 2024
35 қазақстандық университет Азияның үздік жоғары оқу орындарының рейтингіне енді
-
13:50, 7 қараша 2024
Астананың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр