«Қалың қар, бұршақ, көктайғақ». 7 қарашада еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

22:53, 6 қараша 2024

© Сурет: unsplash

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 7 қарашада еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жариялады. Мамандар күн райы жылы болып келетін Түркістан облысының өзінде де сынап бағаны күрт төмендейтінін ескертеді. Төрт өңірде қар түсіп, боран ұйытқиды деп болжанады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с, тіпті 30 м/с және одан асады.

Түнде Атырау облысының батысында көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды. Атырауда да күндіз көктайғақ болады деп күтіледі.

Маңғыстау облысында көктайғақ болады, бұршақ түседі деп болжанады. Облыстың солтүстік-шығысында тұман түседі. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді. Ақтауда түнде көктайғақ болып, күндіз бұршақ жауады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз көктайғақ, облыстың батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде күндізгі екпіні 15-20 м/с құрайды. Оралда түнде және таңертең тұман, күндіз көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі.

Түнде Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында қалың қар жауады деп күтіледі. Қостанайда түнде және таңертең бұрқасың жүріп, көктайғақ болады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түндегі екпіні - 15-20 м/с

Қызылорда облысының батысында, орталығында көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түндегі екпіні - 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде соққан жел екпіні 23 м/с дейін жетеді, күндіз облыстың орталығында 15-20 м/с деңгейінде сақталады. Қызылордада оңтүстік-батыстан жел соғады, түндегі екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Алматы облысының оңтүстігінде таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Алматы мен Қонаев қалаларында да тұман болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 18 м/с болады деп күтіледі.

Түнде Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Тұман, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстік-батысында, орталығында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 30 м/с және одан да асады деп болжанады.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Жолдарда көктайғақ болады, батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтөбеде де түнде жаяу бұрқасын деп күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің түндегі екпіні - 15 м/с.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түндегі екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Таразда тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады,түнде екпіні 15-20 м/с құрайды.

Петропавл қаласында көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді.

Көкшетауда көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан жел соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с, тіпті 30 м/с және одан да асады деп күтіледі. Ауа температурасы күрт төмендейді. Мәселен, облыстың оңтүстігінде күн райы 16 градус жылыдан 3 градус суыққа ауысады. Сондай-ақ, облыстың батысында 6 градус суық болады деп күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с, тіпті 30 м/с және одан асады деп күтіледі. Ауа температурасы облыстың шығысында 3 градус жылыдан 3 градус суыққа ұласады. Облыстың оңтүстігінде 5 градус жылы болады деп күтіледі.

Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы, тау бөктерлі аудандарында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Ауа температурасының түнде 5-10, облыстың оңтүстігінде, батысында, тау бөктерлі аудандарында 13 градус жылыдан 1 градус суыққа ұласады. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында сынап бағаны 4 градус суықты көрсетеді.

6 қарашада Астана әуежайында қолайсыз ауа райына байланысты рейстердің кешіктіріліп жатқаны хабарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!