35 қазақстандық университет Азияның үздік жоғары оқу орындарының рейтингіне енді
© Фото: Zakon.kz
Азия рейтингінің жаңа шығарылымында 25 ел мен аумақтан 985 ЖОО бар. Қазақстандық жоғары оқу орындары үшін ең үлкен бәсекелестікті Үндістан, Қытай, Жапония және Оңтүстік Кореяның жоғары оқу орындары құрайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі ақпаратынша, QS World University Rankings рейтингі 2004 жылдан бері жүргізілуде, оған қазақстандық жоғары оқу орындары 2011 жылдан бері қатысып келеді.
Quacquarelli Symonds (QS) халықаралық рейтинг агенттігі келесі рейтингтерді құрастырушы болып табылады:
- QS World University Rankings – әлемнің үздік университеттерінің рейтингі;
- QS World University Rankings by Subject – әлемдегі үздік университеттердің пәндік рейтингтері;
- QS Sustainability Rankings – тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу бойынша әлемдегі үздік университеттердің рейтингі;
- QS University Rankings by Region – үздік аймақтық университеттердің рейтингтері (Еуропа, Латын Америка, Азия, Араб аймағы);
- QS Best Student Cities – әлемнің үздік студенттік қалалары; — QS Global MBA Rankings – үздік MBA бағдарламаларының рейтингі;
- QS Business Masters Rankings – үздік магистратура бағдарламаларының рейтингі;
- QS International Trade Rankings – үздік халықаралық сауда бойынша магистратура бағдарламаларының рейтингі;
- QS Graduate Employability Rankings – түлектерінің жұмысқа орналасуы бойынша үздік университеттер рейтингі;
- QS Stars University Rankings – белгілі бір бағыттар бойынша үздік университеттердің рейтингі.
Жаңа шығарылым рейтингке қатысушы қазақстандық жоғары оқу орындарының позицияларының әсерлі серпінімен ерекшеленді, олардың үштен екісі былтырғы нәтижелерін жақсартты.
2025 жылғы Азияның үздік университеттерінің жаңа рейтингі QS Asia University Rankings 2025 құрамына 35 қазақстандық ЖОО кіреді, бұл ел тарихындағы жоғары білімнің абсолютті рекорды болып отыр.
Сурет: gov.kz
QS World University Rankings әлемдегі үздік университеттердің флагмандық рейтингінде қазақстандық ЖОО-лардың саны соңғы төрт жылда екі еседен астам өсті, ал соңғы үш жылда 14-тен 21 университетке дейін бір жарым есеге өсті. Пәндік рейтингтерде қазақстандық жоғары оқу орындарының саны төрт жылда төрт есеге өсті (2 жоғары оқу орнынан 8 университетке дейін). QS Sustainability Rankings тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу саласындағы әлемнің үздік университеттерінің рейтингі ерекше орын алады, оның соңғы шығарылымында бірден 12 қазақстандық ЖОО дебют жасап, "Басқару моделі" индикаторы бойынша барынша сенімді нәтижелерді көрсетті.
2024 жылғы қыркүйекте QS Global MBA Rankings үздік MBA бағдарламаларының рейтингтері жарияланды, онда 2016 жылдан бері алғаш рет қазақстандық жоғары оқу орындарының қатысуы бірден үшке дейін артты. Сондай-ақ Қазақстан QS Best Student Cities Rankings әлемнің үздік студенттік қалалары рейтингінде ұсынылған, оған еліміздің екі қаласы – Астана және Алматы кіреді. Жоғарыда аталған рейтингтердің соңғы екеуінде – QS Global MBA Rankings және QS Best Student Cities Rankings – Орталық Азия елдерінен тек Қазақстан ғана ұсынылған.
Сурет: gov.kz
"Қазақстанның Азияның үздік университеттері рейтингіндегі (QS Asia University Rankings) позицияларының күшеюі жоғары білім берудің ең жоғары стандарттарына сәйкестігін және халықаралық дәрежеде танылуының өсуін көрсетеді. Биылғы жылы қол жеткізілген оң динамика рейтингке кіретін Қазақстан университеттерінің үштен екісінің позицияларының жақсаруымен және рейтингтің алғашқы жүздігіндегі қазақстандық жоғары оқу орындарының санының екіден үшке дейін ұлғаюымен сипатталады. Мұндай әсерлі нәтижелер білім беруде тиімді тәсілдерді қолдануға мүмкіндік беретін білім беру ортасының жоғары сапасының және бедел рейтингінің үздіксіз өсуінің арқасында мүмкін болды", — деді Quacquarelli Symonds аға вице-президенті Бен Саутер.
Осылайша, қазақстандық жоғары оқу орындарының халықаралық академиялық және жұмыс берушілер қауымдастықтарындағы беделі нығая түсуде. Білім беру ортасының жоғары сапасы рейтингке қатысушы қазақстандық жоғары оқу орындарының басты бәсекелестік артықшылығы болып қала береді, бұған оқытушылар мен студенттер санының арақатынасы индикаторы бойынша олардың нәтижелері дәлел бола алады.
Рейтингте қазақстандық жоғары оқу орындарын одан әрі ілгерілетудің негізгі бағыты халықаралық ғылыми ынтымақтастық жобалараына қатысу, ғылыми өнімділікті арттыру және қазіргі заманғы ғылыми күн тәртібіне ықпалын кеңейту болып қала береді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:47, 7 қараша 2024
Екі жаңа рекорд: Алматыда өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының екінші күнінің нәтижелері
-
17:31, 7 қараша 2024
Үкіметте 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды
-
17:20, 7 қараша 2024
Шығыс Қазақстан облысында негізсіз ақталған тұрғынның үкімі өзгертілді
-
17:20, 7 қараша 2024
Шығыс Қазақстан облысында негізгіз ақталған тұрғынның үкімі өзгертілді
-
17:11, 7 қараша 2024
«Классик» Ержет Жарылқасын UWW Әлемдік рейтингінде көш бастады