«2,2 млрд теңгенің бұзушылықтары»: Мемаудит есірткі бизнесімен күрестегі мәселелердің басын ашты
© Сурет: ҚР Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі
Жоғары аудиторлық палатада Әлихан Смайыловтың төрағалығымен нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аудиторлық іс-шаралар Ішкі істер, Денсаулық сақтау және Әділет министрліктерін, сондай-ақ ҰҚК Шекара қызметінің ведомстволық бағынысты ұйымдарын қамтыды. Аудит 2019 жылғы қаңтардан бастап 2024 жылғы маусымға дейінгі кезең аралығына жүргізілді.
"Жоғары аудиторлық палатаның қорытындысында көрсетілгендей, қаражатты ұтымсыз пайдалану фактілері анықталды. Мәселен, 2023-2024 жылдары бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері 2 млрд теңге игерілмеген қаражатты бюджетке қайтарған", делінген ведомствоның 2024 жылғы 6 қарашадағы хабарламасында.
Жекелеген ұйымдарда арнайы техникалық құралдар мен тексеру жабдықтарын сатып алу шығындарын жоспарлауда кемшіліктер бар: жоспарланған қаражат кей жағдайларда ілеспе құжаттар немесе коммерциялық ұсыныс бойынша нақты құнынан 4-5 есе асып түседі.
"Бұл 133 млн теңгеге жуық қаражатты тиімсіз жоспарлауға себеп болып отыр. Нашақорлықтың алдын алудың бірыңғай моделін әзірлеу бойынша бастама әлі іске асырылған жоқ. Сонымен қатар есірткіге тәуелді адамдарды әлеуметтік оңалту медициналық қызмет болып саналмайды және Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан реттеуге жатпайды. Нәтижесінде бұл бағытта стандарттар мен бекітілген әдістемелер жоқ".Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі
Жыл басында ҚР Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдарға есірткінің таралуына қарсы күресті күшейту қажеттігін атап өтті.
"Синтетикалық есірткінің қолжетімділігі және оның барынша тез таралуы жастар арасында нашақорлықтың белең алуына әкеп соқтырады. Оларға нашақорлықтың қаншалықты қатерлі екенін үнемі түсіндіріп отыру қажет. Полиция есірткі өндіру, оны сату және таратуға қарсы белсенді күрес жүргізуі керек", — деді Президент.
ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің ақпараты бойынша бүгінгі таңда Tik-Tok, Telegram, OLX, VK және басқа да танымал платформалармен ынтымақтастық бойынша шаралар қабылдануда.
"Бұл заңсыз контентті жедел жойып отыруға мүмкіндік береді. Мысалы, OLX платформасынан курьер кейпіндегі есірткіні жасырушыларды жалдау жөніндегі 4,3 мыңнан астам хабарлама жойылды. Қазір мұндай хабарламалар 5 минут ішінде жойылады. ҚР ІІМ мәліметі бойынша нәтижесінде осы сайт арқылы есірткі курьерлерін арбау мүмкін емес", делінген хабарламада.
Сонымен қатар есірткі қылмысына қарсы күрес үшін қажетті техника мен жабдықтарды сатып алу, сондай-ақ қызметтік-іздестіру иттерін даярлау жұмыстары баяу жүруде.
Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша барлығы 2,2 млрд теңгеге бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде:
- қаржылық бұзушылықтар – 14,7 млн теңге;
- қаражатты тиімсіз жоспарлау – 2 млрд теңгеден астам;
- қаражатты тиімсіз пайдалану – 251,6 млн теңге. 9 жүйелік кемшілік анықталды.
Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар 3 факт бойынша материалдар уәкілетті органдарға жіберілді. Жоғары аудиторлық палата аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берді. Олар толық орындалғанға дейін бақылауда болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:19, 26 желтоқсан 2024
15 жылқыны ұрлады деген күдікпен шығысқазақстандық қолға түсті
-
14:08, 26 желтоқсан 2024
Ұшақ апатының орнынан тікелей бейнелер таратқан блогер жұртшылықтың наразылығын тудырды
-
13:55, 26 желтоқсан 2024
Наурызбай қажы Тағанұлы Бас мүфти болып қайта сайланды
-
13:42, 26 желтоқсан 2024
Елімізде тәртіпті бұзған алты судья қызметінен босатылды
-
13:34, 26 желтоқсан 2024
Олжас Бектенов Астанадағы Әзербайжан елшілігінің көңіл айту кітабына жазба қалдырды