Ресей президенті Қазақстанға ұшып келеді

14:17, 7 қараша 2024

© Сурет: akorda.kz

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға 2024 жылдың қарашасында келеді деп жоспарланған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 7 қарашада Сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің келіссөздері барысында белгілі болды.

Путиннің мемлекеттік сапары 27 қарашаға жоспарланған.

2024 жылғы 23 қазанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен БРИКС мемлекет басшыларының XVI саммитіне қатысу үшін Қазан қаласына жұмыс сапарымен барғанын атап өтейік.

Ресей басшысы Қазақстанға соңғы рет 2024 жылдың жазында келген.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!