«Мүліктердің бұғатталуы». Әділет министрлігі алаяқтыққа байланысты ескерту жасады
© Сурет: pexels
Әділет министрлігі WhatsApp мессенджері және өзгеде әлеуметтік желілер арқылы ел азаматтарына алаяқтар мүліктерінің бұғатталғаны туралы жалған хабарлама таратып жатқанын ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Өзіңізге мұндай хабарлама келген жағдайда Әділет министрлігі атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (АИС ОИП) кіріп, жеке сәйкестендіру нөмірін енгізу арқылы ақпараттың рас немесе жалғандығын тексеріп алуды сұрайды. Сонымен қатар, мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының тізілімі мен байланыс деректерін мына сілтемеге өту арқылы тексеруге болады", делінген ведомство хабарламасында.
Алаяқтардың заңсыз әрекеттерінің алдын алу үшін министрлік тек ресми дерек көздерінен алынған мәліметтерге ғана сенуді және дербес деректерді танымайтын бөтен тұлғаға және күмәнді интернет-ресурстарға бермеуіңізді ескертеді.

Сурет: ҚР Әділет министрлігі
Сонымен қатар, қосымша ақпарат алу үшін министрліктің құқықтық ақпараттық қызметіне (8 7172 58-00-58) нөмірі бойынша хабарласуға болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:25, 24 маусым 2026
Бірнеше сағатта 50 құқық бұзушылық: Алматыда рейд нәтижесі жарияланды
-
15:11, 24 маусым 2026
Астанада университет қызметкері 18 талапкерді алдап, сотталды
-
14:59, 24 маусым 2026
Алматы маңындағы арнайы операция: пәтер тонаумен айналысқан ағайынды жігіттер ұсталды
-
14:47, 24 маусым 2026
LRT маңынан тауып алған патрон бір жылдан кейін астаналық жігіттің сотталуына себеп болды
-
14:31, 24 маусым 2026
Ресей дизельдік отын экспортына тыйым салмақшы





