Қазақстанның 900 азаматы жазасын шетелде өтеп жатыр

09:51, 3 қазан 2024

© Фото: Zakon.kz

Қазақстанның 900 азаматы жазасын шетелде өтеп жатыр. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев айтты.

Сотталғандардың көбі көрші Ресей мемлекетінің түрмесінде қамауда отыр. Дені есірткі саудасымен айналысқан.

Құқық қорғау органдары соңғы 5 жылда бұл азаматтардың 160-ын елге қайтарды. Ал Қазақстандағы абақтыларда жазасын өтеп жатқан шетел азаматтары мыңнан асады, деп жазады qazaqstan.tv.

"Осындай оқиғалар өте көп. Әсіресе, есірткі тасымалдау әрекетімен істі болып отыр. Бұл жаза бойынша сотталғандар онда жазасын өтеу қиын." Ғалымжан Қойгелдиев, ҚР Бас прокурорының орынбасары

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!