2 қазандағы саудада доллар бағамы үш теңгеге жуық өсті

15:55, 2 қазан 2024

© Фото: freepik

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 2 қазанда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күнделікті сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,88 теңгеге көтеріліп, 483,23 теңге болды.

Қытайда 2024 жылдың 1 қазаны мен 7 қазаны аралығындағы мереке күндеріне байланысты юаньмен сауда жүргізілмеді.

Ақша айырбастау орындарында доллар 482,1-484,1 теңгеге, еуро 533,5-537,5 теңгеге, ресей рублі 5,09-5,19 теңгеге сатылуда.

Бұл ретте мұнайдың әлемдік бағасы 2 қазандағы аукционда көтеріліп жатыр.

Осылайша, Лондонның ICE (InterContinental Exchange Futures) биржасында Brent маркалы мұнай баррелі 1,16 долларға қымбаттап, 74,72 долларға жетті.

Нью-Йорк NYMEX (New York Merchantile Exchange) биржасында Light мұнайының бағасы барреліне 1,22 долларға өсіп, 71,05 долларды құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 480,1 теңге, еуроны 532,25 теңге, рубльді 5,14 теңге деп белгіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!