Мысырға баратын туристер үшін не өзгереді
© Сурет: pexels
Мысырда елге келетін туристерге паспортқа жапсырылатын визаның орнына QR-код беріле бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жаңа жүйе қазірдің өзінде Каир әуежайында жұмыс істеп тұр. 2027 жылы оны елдегі негізгі әуежайлардың барлығына дерлік енгізу жоспарланған.
Мысырдың Туризм және көне жәдігерлер министрлігінің алдын ала кестесіне сәйкес, 2027 жылғы 1 наурыздан бастап Сфинкс және Александрия әуежайларында, ал 1 мамырдан бастап Эль-Аламейн мен Марса-Матрух әуежайларында цифрлық виза алуға болады. Жаңа жүйе Хургадада 1 шілдеде, Марса-Аламда 1 қыркүйекте, ал Луксор мен Асуанда 1 қазанда іске қосылады деп жоспарланып отыр.
Шарм-эль-Шейх пен Таба әуежайларында QR-виза қашан енгізілетіні әзірге белгісіз.
Жаңа тәртіп бойынша туристерге виза беретін терезенің алдында кезекке тұрудың қажеті болмайды. Елге кіруге рұқсат алғанын растау үшін QR-кодты смартфон экранынан көрсетуге немесе қағазға басып шығарып ұсынуға болады.
"Правда" басылымының жазуынша, елге кіруге рұқсатты сапарға дейін арнайы сайт немесе мобильді қосымша арқылы рәсімдеуге болады. Туристер бұл үшін өз туроператорына да жүгіне алады. Ал алдын ала рұқсат алып үлгермегендер үшін әуежайларда өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары орнатылады. QR-код берілген сәттен бастап жеті күн бойы жарамды болады.
Цифрлық жүйеге көшумен бірге виза құны да өзгереді. 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап оны 30 доллардан 33 долларға дейін (шамамен 15 076 теңге) көтеру жоспарланған. Бұған 6 доллар қызмет көрсету алымы қосылады. Осылайша, жаңа жүйе арқылы виза рәсімдеудің жалпы құны 39 долларды (шамамен 17 818 теңге) құрайды.
Бұған дейін Мысырдың виза талаптарын қатаңдатуды жоспарлап отырғаны хабарланған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:06, 26 қараша 2026
Швейцарияда көл түбінде 2000 жыл бойы жатқан Рим қазыналары табылды
-
19:55, 25 қараша 2026
Анасы мен өгей әкесі балалардың көзін скотчпен байлап, орманға тастап кеткен
-
16:34, 25 қараша 2026
Гиннес рекордтар кітабына енген ең жас сақалды әйел 20 жылдан кейін сақалын қыруды ұйғарды
-
16:08, 25 қараша 2026
АҚШ-та бөгдеғаламшарлықтардың адамдар арасында өмір сүріп жатқаны туралы мәлімдеме жасалды
-
15:47, 25 қараша 2026
Қытайдағы тарихтағы ең ірі круиздік лайнер алғашқы сапарына шықты





