«Бұл жүк таситын такси емес»: автобустан қарт кісіні түсіріп тастаған жүргізуші өз әрекетін түсіндірді
© Сурет: gov.kz
Қарағандыда автобустан қарт кісіні дөрекі түрде түсіріп, жолда қалған азық-түлігін автобуспен басып өткен жүргізуші ұсталды. Алайда ер адам өз кінәсін мойындамай отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
2026 жылғы 24 қарашада әлеуметтік желілерде №45 бағыттағы автобустың жүргізушісі қарт жолаушыны автобустан түсіріп жіберген видео тарады. Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, бұған қарияның өзімен бірге көкөністер мен жемістер салынған бірнеше сөмке алып жүруі себеп болған. Кейін жүргізуші жолда қалған азық-түліктің үстінен басып өткен.
Бұл оқиға әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын тудырды:
- "Заң бойынша қатаң жазалау керек. Қарияға келтірген шығынын өтесін".
- "Балалар арбасымен, велосипедпен, самокатпен, тіпті мас күйінде де жүруге болады, ал жеміс-жидегі бар қарияға болмай ма? Жүргізушілерді мүлде түсінбеймін".
- "Бейшара қария. Зейнетақысына көкөніс сатып алып, бірдеңе пісірмек болған шығар. Адамдарға мейірімді болу керек қой!"
- "Сұмдық! Базар деген сол, адамдар ол жақтан сөмкелерін толтырып қайтады. Көлік бәрінде бірдей жоқ".
- "Оны жазалау керек! Қарт адамдарды сыйламағаны аздай, азық-түлігінің үстінен де басып өткен".
- "Адамгершілік, сыйластық пен қарапайым тәрбие қайда?"
Қарағанды полициясы видеоға қатысты пікір білдіріп, жанжалға зейнеткердің алып жүрген жүгі себеп болғанын растады.
"Жүргізуші жолаушыдан салоннан шығуды талап етіп, кейін азық-түлік салынған сөмкелерді жолға шығарған. Жүргізушінің дөрекі әрекетінен қаптамалар жыртылып, жаңа піскен алма мен қызанақ асфальтқа шашылып қалған. Оларды өтіп бара жатқан көліктер мен автобустың өзі басып кеткен", – деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаменті 2026 жылғы 25 қарашада.
Қалалық полиция қызметкерлері жүргізушінің жеке басын анықтады. Оның 40 жастағы ер адам екені белгілі болды.
"Жиналған әкімшілік материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Сонымен қатар ер адамға жолаушылар мен багажды тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін 21 625 теңге айыппұл салынды. Сот шешімі шыққанға дейін жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп хабарлады құқық қорғау органдары.
Алайда жүргізуші өз кінәсін мойындамай, ешкімге дөрекілік көрсетпегенін айтып отыр.
"Мен ешкімді лақтырып жіберген жоқпын. Жол жүруден бас тартқаннан кейін сөмкелерін түсіруге көмектестім, бар болғаны сол. Оның арбасы құлап, алмалары шашылып қалды. Мен жолаушыны тасымалдаудан бас тартуға құқылымын. Бұл жүк таситын такси емес, қоғамдық көлік. Егер жүгіңіз тым көп болса, такси шақырыңыз", – деді жүргізуші.
Бұған дейін Алматыда жол-көлік оқиғасы автобус жүргізушісінің жүргізуші куәлігінің жалған екенін анықтауға көмектескен болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:55, 26 қараша 2026
Алматыда бес адамның өмірін қиған өрт орнынан фотосуреттер жарияланды
-
15:46, 26 қараша 2026
Доллар тағы қымбаттады: Айырбастау пункттерінде бағам қандай
-
15:31, 26 қараша 2026
KazSat-2 серігі көму орбитасына көшіріледі. Бұл нені білдіреді
-
15:22, 26 қараша 2026
Геннадий Головкин Михаил Шайдоровқа Ұлттық олимпиада комитетінің ең жоғары наградасын табыстады
-
15:11, 26 қараша 2026
Алматыда жаңбыр мен қар жауып, күн суытады: 27–29 қарашада Астана мен Шымкентте ауа райы қандай болады





