Қазақстандықтарға шетелдегі қауіпті инфекция жайлы ескертілді

16:32, 18 мамыр 2026

© Фото: freepik

Шетелге сапар жоспарлап отырған қазақстандықтарға хантавирустық инфекцияның алдын алу бойынша ұсыныстар берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Хантавирустық инфекция – кеміргіштерден немесе олардың бөлінділері арқылы адамға жұғатын қауіпті вирустық ауру. Вирус адам ағзасына шаң, тамақ, су немесе тістеу арқылы түсуі мүмкін.

Бұл ретте, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті шетелге шығатын азаматтарға бірқатар ұсыным әзірледі:

  1. шетелге шыққан жағдайда кеміргіштермен және олардың бөлінділерімен байланыстан аулақ болу, олардың мекен етуі мүмкі орындарға бармау;
  2. кеміргіштермен ластануы мүмкін азық-түлік пен суды пайдаланбау, стихиялық және көшедегі сауда орындарында тамақтанудан бас тарту; азық-түлікті тығыз жабылатын ыдыстарда сақтау;
  3. жабық үй жайларда болған кезде алдын ала желдету және дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып ылғалды тазалау жүргізу; үй-жайларды тазалау кезінде жеке қорғаныш құралдарын (қолғап, маска) пайдалану;
  4. адамдар көп жиналатын орындарға барған кезде жеке профилактика шараларын (арақашықтық сақтау, маска, дезинфекциялық құралдар) қолдану, қол және тыныс алу мүшелерінің гигиенасын сақтау;

Сондай-ақ, дәрігерлер келесідей мәлімдеме жасады.

"Сапардан оралғаннан кейін 1-8 апта ішінде әлсіздік, жоғары температура, айқын әлсіздік, бұлшықет ауруы, жөтел немесе ентігу белгілері пайда болса, шетелде болғаныңызды міндетті түрде хабарлай отырып, шұғыл түрде жақын маңдағы медициналық ұйымға жүгіну қажет". ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Бұған дейін дәрігерлер хантавирус жаңа COVID-19 індетіне айнала ма деген сұраққа жауап берген болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!