Алматы тұрғындарына нан, жұмыртқа және қант бағасына қатысты жағымды жаңалық айтылды
© Фото: Zakon.kz
Алматыда әлеуметтік нан бағасы 2027 жылдың мамырына дейін тұрақтандырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қала әкімдігінің 2026 жылғы 18 мамырдағы мәліметінше, Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Осы мақсатта "Алматы" ӘКК мен "АЛМАТЫНАН" нан-тоқаш комбинаты арасында әлеуметтік қалыптағы нанды ("кірпіш" нан) өндіру және өткізу жөнінде келісім жасалды.
Келісім аясында бірінші сұрыпты ұннан дайындалатын жалпы көлемі 3 846 154 бөлке бидай наны сатылады. Бір бөлке нанның босатылу бағасы 130 теңге болып белгіленді, ал сауда үстемесі 15%-дан аспайды. Кейбір дүкендер мен сауда желілері өнімді үстемесіз де сатуы мүмкін. Әлеуметтік нан бағасын тұрақтандыру шаралары 2027 жылдың мамырына дейін сақталады. Өнім ірі супермаркеттерде және шағын азық-түлік дүкендерінде қолжетімді болады.
Сонымен қатар Алматыда өзге де әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Бұл шаралар өңірлік тұрақтандыру қорының тетіктері, өндірушілерді жеңілдетілген қаржыландыру және форвардтық келісімшарттар қолданылып келеді. Бағаны тұрақтандыру шараларын "Алматы" ӘКК жүзеге асырады.
Атап айтқанда, жұмыртқа, құс еті және қант бағасын тұрақтандыруға ерекше көңіл бөлінген.
Мәселен, "Сары-Бұлақ" құс фабрикасымен бірінші санаттағы 86,4 млн жұмыртқаны белгіленген бағамен жеткізу туралы келісімге қол қойылды. Бір жұмыртқаның бағасы 59 теңгеден аспайды. Өнім Magnum, Small, Metro, A-store сауда желілерінде және "Алатау-құс" дүкендерінде сатылады. Сонымен қатар "Алатау-құс" және Nauryz Agro KZ компанияларымен құс еті бағасын тұрақтандыру бойынша келісімдер жасалған.
"Алатау-құс" компаниясының фирмалық дүкендерінде сан еті мен жілігі 1 келісі 1100 теңгеден, ал сирағы 1650 теңгеден сатылып жатыр. Бұдан бөлек, Nauryz Agro KZ компаниясымен сан еті мен жіліктің бағасы 1 келісі үшін 1300 теңге деңгейінде тұрақтандырылды. Өнімді Magnum Cash&Carry сауда желісінен 1 келісі 1495 теңгеден аспайтын бағамен сатып алуға болады. Бұл бағыттағы тұрақтандыру мерзімі үш жылға дейін қарастырылған.
Қосымша ретінде "Алматы" ӘКК жергілікті өндірушілерден 4,5 мың тонна түйіршіктелген қант сатып алды. Қант Magnum, Small, Toimart, "Столичный", "Юбилейный" және басқа да сауда орындарында 10 пайыздан аспайтын үстемемен сатылып жатыр. Босатылу бағасы 1 келісі үшін 405 теңге деңгейінде белгіленген. Қант бағасын тұрақтандыру шаралары биыл қараша айына дейін жалғасады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:26, 18 мамыр 2026
Әкесі 14 жастағы қызын мектептен себепсіз қалғаны үшін аяусыз ұрып, шашын тақырлап алып тастаған
-
10:13, 18 мамыр 2026
Конституциялық Сот: сот актілерін ресімдеуге қойылатын талаптар салалық заңнамамен реттеледі
-
10:03, 18 мамыр 2026
Түрмеде отырған қазақстандық азаматтарға жоқ коттедждерді жалға беріп, алаяқтықпен айналысқан
-
09:57, 18 мамыр 2026
Көкшетауда көл ортасында балалар мінген паром тоқтап қалды - видео
-
09:46, 18 мамыр 2026
Шетелдік ағасының төлқұжаты арқылы Ресейге заңсыз өтпек болды





