Шетелдік ағасының төлқұжаты арқылы Ресейге заңсыз өтпек болды

09:46, 18 мамыр 2026

© Фото: pxhere

Ақтөбе облысында туған ағасының төлқұжаты арқылы Қазақстан-Ресей шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған Тәжікстан азаматы сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Диапазон" басылымының жазуынша, 48 жастағы тәжікстандық Ақтөбе облысында уақытша жүрген.

Ол Ресейге бармақ болған, алайда оның көрші елге кіруіне тыйым салыныпты.

"Бұдан кейін ол Қазақстан-Ресей шекарасын туған ағасының төлқұжатымен кесіп өтпек болған. Қазақстандық шекарашылар шикілікті дереу байқап, шетелдіктің басқа біреудің төлқұжатын ұсынғанын анықтады", – делінген ақпаратта.

Нәтижесінде ол шекараны заңсыз кесіп өтпек болғаны үшін сотқа тартылды. Іс Қарғалы ауданының сотында қаралды.

Сот шетелдікке 865 мың теңге айыппұл салды, Сондай-ақ, сот үкімі бойынша оны Қазақстаннан шығарады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!