Іске қосылған LRT көлігін қанша жолаушы сынап көргені белгілі болды
© Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Астанада ашылу рәсімінен бері жеңіл рельсті көлікті (LRT) қанша адам сынап көргені белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
CTS Басқармасының төрағасы Асылбек Дүйсебаевтың айтуынша, LRT іске қосылғалы жолаушылар ағыны 180 мың адамға жеткен.
"Кеше 100 мың жолаушы LRT-мен жүріп өткен. Бұл жобалық өткізу мүмкіндігінен жоғары. Қазір жолаушылар ағыны екі есеге азайды. Сондай-ақ өздеріңізден қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұраймыз, өйткені LRT жүйесі толық автоматтандырылған және жүргізушісіз жүретіні белгілі. Қажеттілік болмаса платформа мен вагондардағы апатты тежегішті баспауды, құрама есіктерін өз беттеріңізбен күштеп жаппауды және олардың жабылуына кедергі келтірмеуді сұраймыз. Өйткені мұндай әрекеттер пойыздардың тоқтауына әкелуі мүмкін", — деді Асылбек Дүйсебаев.
Оның айтуынша, бүгін ешқандай ереже бұзушылық байқалмаған, қозғалыс қалыпты режимде жүруде.
Бұған дейін президент Astana LRT жұмысын іске қосқаны хабарланған. Сондай-ақ Мемлекет басшысына Астанадағы LRT жүйесімен қатынау үшін 001 сериялы карта берілді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:49, 18 мамыр 2026
Абай облысында балабақша қызметкерлерінің дербес деректері қолдан қолға тараған
-
17:37, 18 мамыр 2026
Жерге қарай екі астероид қатты қарқынмен бет алып келеді
-
16:56, 18 мамыр 2026
Жазғы маусым басталды: Rakhat Fitness ашық аспан астындағы бассейндерін іске қосты
-
16:50, 18 мамыр 2026
Қазақстанда көру қабілеті бұзылған балаларды оқытуға 870 миллион теңгеден астам қаржы бөлінеді
-
16:43, 18 мамыр 2026
Жәрдемақы рәсімдеу, тіркеуге тұру немесе анықтама алуды ХҚКО-ға бармай-ақ қалай жасауға болады - нұсқаулық





