Қазақстан азаматтарының 84%-дан астамы елдің даму бағытын қолдайды – әлеуметтік сауалнама нәтижелері
© Фото: Zakon.kz
2026 жылғы сәуір айында ҚР президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының тапсырысы бойынша жүргізілген әлеуметтанулық зерттеу нәтижелері қазақстандықтардың басым бөлігі елдің қазіргі даму бағытын оң бағалайтынын көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство сауалнамаға қатысқандардың 84,4%-ы еліміз дұрыс бағытта дамып келеді деп есептейтіндігін атап өтті.
Аумақтық бөлініс әртүрлі елді мекен тұрғындарының бағалауларында жоғары деңгейдегі үйлесімділікті көрсетеді. Қала тұрғындарының арасында респонденттердің 84%-ы елдің даму бағытын оң бағаласа, ауыл тұрғындары арасында бұл көрсеткіш сәл жоғары – 85,2%-ды құрайды. Бұл тұрғылықты жеріне қарамастан, азаматтардың қазіргі бағытты қабылдауы ұқсас екенін көрсетеді.
Гендер тұрғысынан талдау ерлер мен әйелдердің де жоғары деңгейде оң баға беретінін көрсетеді. Сонымен қатар, әйелдер арасында бұл көрсеткіш біршама жоғары – 86,2%-ды құрады, бұл ерлер арасындағы көрсеткіштен 4,3%-ға артық.
Жас ерекшелігі тұрғысынан ең жоғары қолдау деңгейі жастар арасында тіркелді – 89,3%. Бұл жастардың қазіргі саяси бағытты анағұрлым оң қабылдайтынын көрсетеді.
Сатып алу қабілеті артқан сайын оң бағалар да айтарлықтай өсетіні байқалады. Өздерінің экономикалық жағдайының жақсарғанын сезінетін респонденттер бұл ілгерілеуді қазіргі саяси бағытпен байланыстыруға бейім.
Жалпы алғанда, зерттеу нәтижелері қазақстандықтардың саяси бағытқа берген бағасы негізінен оң сипатқа ие екенін және халықтың негізгі әлеуметтік-демографиялық ерекшеліктеріне қарамастан жоғары деңгейде сақталатынын көрсетеді.
Белгілі болғандай, әлеуметтік сауалнама ҚСЗИ тапсырысы бойынша 2026 жылғы 10 сәуір мен 10 мамыр аралығында жүргізілді. Іріктеу жиынтығының көлемі – 8 000 респондент. Сауалнамаға 17 облыс пен республикалық маңызы бар 3 қалалар – Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан респонденттер қатысты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:02, 18 мамыр 2026
«Мені кісі өлтіруге мәжбүрледі»: Атыраудағы қанды қылмысқа күдікті Сәрсемәлиев сотта мәлімдеме жасады
-
14:56, 18 мамыр 2026
+35 градусқа дейінгі аптап ыстық пен жауын-шашын: Қазақстан бойынша 19–21 мамырға арналған ауа райы болжамы
-
14:39, 18 мамыр 2026
Алматының үш ірі шағынауданында бір тәулікке суық су өшіріледі
-
14:27, 18 мамыр 2026
ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасары тағайындалды
-
14:12, 18 мамыр 2026
Қазақстандықтар елдің даму бағытын жоғары деңгейде оң бағалауын сақтап отыр





