Ұлытау облысында полиция далада адасып кеткен ауыл тұрғынын іздеп тапты
© Фото: polisia.kz
Ұлытау облысында полицейлер хабар-ошарсыз кеткен азаматты дронның көмегімен тауып, аман-есен отбасына қайтарды.
Жаңаарқа ауданы Айнабұлақ ауылының тұрғыны жылқы іздеуге шығып, бағытынан жаңылып кеткен. Оның туыстары аудандық полиция бөліміне хабарласып, көмек сұраған.
Хабарлама түсе салысымен Жаңаарқа аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарын бастады. Іздеу аумағының кеңдігін ескере отырып, тәртіп сақшылары арнайы ұшқышсыз ұшу аппаратын — дронды пайдаланды.
Заманауи техниканың көмегімен ашық дала жоғарыдан мұқият тексеріліп, кеше таңғы сағат 10:00 шамасында жоғалған азамат Нұра ауданымен шектесетін аумақтан аман-есен табылды. Іздестіру жұмыстарына жергілікті төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері де жұмылдырылды. Анықталғандай, азамат кешкі уақытта бағытынан адасып кеткен.
Сонымен қатар ұялы байланыс желісінің болмауы және көлігінің жанар-жағармайы таусылуы салдарынан түнді далада өткізуіне тура келген.
Полиция азаматтарға алыс жолға шыққанда немесе мал іздеуге барғанда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді:
• Көліктің техникалық жағдайын және жанармай қорын алдын ала тексеріңіз;
• Байланыс құралдарының (телефон, пауэрбанк) толық зарядталғанына көз жеткізіңіз;
• Қозғалыс бағытыңызды міндетті түрде жақындарыңызға хабарлаңыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:26, 18 мамыр 2026
Әкесі 14 жастағы қызын мектептен себепсіз қалғаны үшін аяусыз ұрып, шашын тақырлап алып тастаған
-
10:13, 18 мамыр 2026
Конституциялық Сот: сот актілерін ресімдеуге қойылатын талаптар салалық заңнамамен реттеледі
-
10:03, 18 мамыр 2026
Түрмеде отырған қазақстандық азаматтарға жоқ коттедждерді жалға беріп, алаяқтықпен айналысқан
-
09:57, 18 мамыр 2026
Көкшетауда көл ортасында балалар мінген паром тоқтап қалды - видео
-
09:46, 18 мамыр 2026
Шетелдік ағасының төлқұжаты арқылы Ресейге заңсыз өтпек болды





