LRT неге уақытша тоқтағанын тасымалдаушы түсіндірді
© Фото: primeminister.kz
Астана LRT баспасөз қызметі 2026 жылғы 17 мамырда пойыздардың неліктен жоспардан тыс тоқтағанын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тасымалдаушының мәліметінше, LRT желісінде жолаушылардың қауіпсіздік ережелерін бұзуына байланысты бірнеше жағдай тіркелген. Мұндай әрекеттер апатты жағдайларға және қозғалыстың уақытша кідірісіне әкелуі мүмкін.
Атап айтқанда, кейбір жолаушылар:
- себепсіз станса платформасындағы шұғыл тежеу батырмасын басқан;
- қорғаныш әйнегінің ішінде орналасқан платформалық есіктерді шұғыл ашу батырмасын іске қосқан;
- вагон есіктерін іштен өз бетінше ашуға тырысқан;
- есіктер жабылған кезде арасына қолдарын тосып, жабылуына әдейі кедергі келтірген.
"LRT жүйесі толықтай автоматтандырылған. Осындай кез келген әрекет жүйе тарапынан қауіпсіздікке төнген ықтимал қатер ретінде қабылданады. Соның салдарынан пойыз тоқтап, диспетчерлік орталық қосымша тексеру жүргізеді. Жолаушылардан LRT пайдалану ережелерін сақтауды сұраймыз. Еске саламыз, желіде жоғары кернеу бар. Әр құрам ішінде LRT пойыздарының операторы болады, қажет жағдайда ол электр қуаты ажыратылғаннан кейін есіктерді ашады", – делінген хабарламада.
LRT баспасөз қызметі барлық құқық бұзушылар стансалар мен вагондардың ішінде орнатылған бейнебақылау камералары арқылы анықталатынын атап өтті.
"Анықталған фактілер бойынша материалдар жолаушылар қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, LRT-нің тұрақты жұмысына кедергі келтіргені үшін құқық қорғау органдарына жолданып, кінәлілер қылмыстық жауапкершілікке тартылады", – деп мәлімдеді тасымалдаушы.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:08, 17 мамыр 2026
Тоқаев бірқатар мемлекет басшыларымен телефон арқылы сөйлесті
-
16:58, 17 мамыр 2026
Астанада әл-Фараби даңғылы мен Керей Жәнібек хандар көшесінің қиылысы уақытша жабылады
-
16:14, 17 мамыр 2026
18 мамырда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
15:56, 17 мамыр 2026
«Евровидение» байқауында Филипп Киркоровтың командасындағы әнші жеңіске жетті
-
15:14, 17 мамыр 2026
Жаңбыр, бұршақ және жел: Қазақстанда 18 мамырда ауа райы қандай болады





