Қазақстандықтарды қарлы әрі суық демалыс күндері күтіп тұр

12:43, 6 қыркүйек 2024

© Сурет: pexels

"Қазгидромет" РМК синоптиктері демалыс күндері – 2024 жылдың 7 және 8 қыркүйегіне арналған республика бойынша ауа райы болжамын ұсынды. Мамандардың айтуынша, қазақстандықтар ауа райының қолайсыздығына дайындалу керек, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

Мәселен, оңтүстік облыстарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

"7 қыркүйекте республиканың солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда — жаңбыр, қар жауады". "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі

Бір қызығы, тек республиканың батысында солтүстік-батыс антициклонының екпінімен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Сонымен қатар, Қазақстанда жел күшейеді. Сондай-ақ түнде және таңертең солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда тұман күтіледі.

"7 қыркүйекте солтүстікте, шығыста және орталықта, 8 қыркүйекте Қостанай облысында, еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда топырақ бетінде 3 градусқа дейін үсік болды. "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 6 қыркүйекте Алматы мен Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!