Қазақстандық жұмыс берушілердің өз қызметкерлеріне берер берешегі қаншалықты екені белгілі болды

10:57, 10 қыркүйек 2024

© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2024 жылғы 10 қыркүйекте жұмыс берушілердің өз қызметкерлеріне қарызы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, 2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 259 кәсіпорны 16 мың жұмыскерге 3,6 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек екенін анықтады.

Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында 6,9 мыңға жуық еңбек құқығының бұзылуы анықталды.

"Жалақы бойынша берешегі бар кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 222 ұйғарым берілді және 34,6 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды". Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Нәтижесінде 14,7 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалып, оларға 2,8 млрд теңге төленді.

Бұған дейін Балалар омбудсмені Шымкент балабақшасындағы тәрбиешінің көрсеткен қатыгездігіне пікір білдірген болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!