Қазақстандық жетекші БАҚ өкілдері «Россиская газета» редакциясында болды
© Сурет: Сергей Михеев/ РГ
Қазақстандық ірі БАҚ басшыларының делегациясы "Российская газета" редакциясында болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"РГ" бас редакторы Владислав Фронин Қазақстаннан осындай көп делегация өкілдері ұзақ жылдар аралығында алғаш рет редакцияға ат басын тірегенін баса атап өтті. Ол елдер арасындағы тығыз тарихи байланыстарға назар аударды.
Ресей мен Қазақстанның медиа кеңістігінде саясаткерлердің, блогерлердің және әлеуметтік желі қолданушыларының даулы, кейде арандатушылық мәлімдемелері мезгіл-мезгіл төбе көрсетіп қалады. Дөңгелек үстелде фейктермен, сондай-ақ қасақана жалған ақпаратпен күресу үшін БАҚ арасында өзара ақпарат алмасуды бір жолға қою идеясы айтылды.
"Күнделікті өмірде біз адамдар жалған ақпараттарға, арандатушылық материалдарға сеніп қалатын жағдайлармен бетпе-бет келіп жатамыз. Жеке басым, өзімнің осындай кейбір мифтерді жоққа шығаруыма тура келген кездер болған. Біздің БАҚ осындай жұмыспен айналысқаны пайдалы болар еді", - деп есептейді Zakon.kz құрылтайшы Сергей Киселев.
Сурет: Сергей Михеев/ РГ
Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешені Бас директорының орынбасары Асқар Жалдинов Ресей мен Қазақстан БАҚ-тарын өңіраралық ынтымақтастық, елдер арасындағы бизнес-байланыстар және туризм туралы көбірек назар аударуға шақырды.
"Бізде көптеген байланыс нүктелері бар, шекара маңындағы ынтымақтастық туралы тақырыпта кең орын бар. Көбінесе аудитория қарапайым тұрмыстық сұрақтарға жауап тапқысы келеді, қазақ кәсіпкерлері ресейлік серіктестермен тиімді қарым-қатынас орнатуға ұмтылады", - деп атап өтті Асқар Жалдинов.
"Российская газета" редакциясында шетелдік диаспоралардың қатысуымен тақырыптық кештер үнемі өткізіліп тұрады.Кездесуде "РГ" Қазақстаннан келген әріптестерін осындай форматқа қосылуға шақырды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:20, 20 қараша 2024
Алматы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы жаңадан тағайындалды
-
11:45, 20 қараша 2024
Қазақстан халықаралық банктен 84,9 млрд йенді құрайтын тағы бір заем алғалы жатыр
-
11:29, 20 қараша 2024
Астана, Алматы, Шымкент. 20 қарашаға арналған валюталар бағамы
-
11:21, 20 қараша 2024
Алматыда орташа жалақы мөлшері қанша
-
11:07, 20 қараша 2024
Мәжіліс депутаттары «Акваөсіру туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады