Қазақстандық семсерлесушілер Италияда өтетін Гран-приге қатысады

23:07, 20 қаңтар 2026

© Сурет: olympic.kz

Қазақстан құрамасы рапирамен семсерлесуден Италияның Турин қаласында өтетін Гран-при сериясындағы турнирге қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған ірі халықаралық жарыс 5-7 ақпан аралығында өтеді.

Италияда ел намысын София Актаева, Алёна Гноева, Ғалым Нұрымов және Тимофей Семёнов қорғайды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!