Тоқаев: Мемлекет дәстүрлі құндылықтарды қорғауы тиіс
© Фото: akorda.kz
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 20 қаңтарда Ұлттық құрылтайдың V отырысында ЛГБТ өкілдері туралы ой-пікірін білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Президент атап өткендей, әртүрлі саяси айлакерлердің ұлттың құндылықтық негізін бұзуға жол беруге болмайды.
"Жастарды жаңашыл, баламалы моральдық құндылықтардың жалған жолына бағыттау әрекеттері жасалуда. Барлығы менің нені айтып тұрғанымды түсінді деп ойлаймын. Мемлекет дәстүрлі мәдени құндылықтарды қорғауы тиіс және деструктивті, моральдық тұрғыдан дұрыс емес мінез-құлық үлгілерін насихаттауға қарсы тұруы қажет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің айтуынша, қоғамымызда ер мен әйел арасындағы ерікті одақ ретінде неке институтын заң жүзінде нығайту қажет. Бұл одақ мемлекеттік орган арқылы ресми бекітілуі тиіс.
"Сонымен бірге, ресми мемлекеттік моральдық ұстанымнан айырмашылығы бар сенімдері үшін ешкімді қылмыстық жауапкершілікке тартуға немесе моральдық кемсітушілік жасауға болмайды. Мемлекеттің ұстанымы мынадай: әрбір азаматтың таңдау құқығы бар, бірақ бұл таңдауды ешкім мәжбүрлей алмайды. Біздің мемлекет барлық азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайды", – деп толықтырды Мемлекет басшысы.
Бұған дейін хабарланғандай, Қызылордада президенттің қатысуымен Ұлттық құрылтай басталған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:08, 23 қараша 2026
Күйік асуындағы жол жөндеуінен бюджетке 191 млн теңге қайтарылды
-
22:40, 23 қараша 2026
Химик-инженер болғысы келетін талапкерлерге ҰБТ-да таңдау беріледі
-
22:32, 23 қараша 2026
Fitch Ratings «Самұрық-Қазына» қорының рейтингтерін тұрақты болжаммен растады
-
22:05, 23 қараша 2026
Солтүстік Қазақстан облысында 14 автожолда көлік қозғалысына шектеу қойылды
-
21:22, 23 қараша 2026
Павлодарда ер адам полиция бөлімшесінде ойран салды





