Абай облысында рұқсатсыз қоқыс тасталған 191 орын анықталды
© Сурет: видео скрині
Абай облысы мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы Семей қаласы мен Бесқарағай, Бородулиха, Жаңасемей және Аягөз аудандарының аумақтарында қалдықтарды рұқсатсыз орналастырудың 191 орнын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Прокуратураның қадағалау актісі негізінде барлық заңсыз қоқыс орындары жойылды.
"Жіберілген заңбұзушылықтар үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерінің басшылары, ауылдық округ әкімдері және облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бірқатар қызметкері тәртіптік әрі әкімшілік жауаптылыққа тартылды", - делінген хабарламада.
Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы бұл бағыттағы қадағалау іс-шараларын жалғастыратынын хабарлады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:43, 20 қаңтар 2026
Алматыда қанша қыз жатыр мойны обырынан сақтанды
-
21:48, 20 қаңтар 2026
Алматы облысында кәсіпкерлерді заңсыз әкімшілік жауапқа тарту тоқтатылды
-
20:48, 20 қаңтар 2026
Бубликтің Australian Open-2026 турниріндегі нәтижесі қандай болмақ
-
20:22, 20 қаңтар 2026
Футзалдан Қазақстан U-19 құрамасының аға бапкері тағайындалды
-
20:01, 20 қаңтар 2026
Белгілі әнші Гүлзира Бөкейхан дүниеден өтті





