Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Парламентке атау ұсынды
© Фото: akorda.kz
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 20 қаңтарда Ұлттық құрылтайдың V отырысында Қазақстан парламенті қандай болу керегін айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы қазіргі Конституцияға сәйкес Конституциялық сотты, Жоғарғы есеп палатасын және Орталық сайлау комиссиясын құруға қатысты өкілеттіліктер мәжіліс, сенат және президент арасында тең бөлінгенін атап өтті.
"Ендігі ұсыныс бойынша, осы маңызды мемлекеттік құрылымдардың барлық мүшелерін тағайындау тек Парламенттің келісімімен жүзеге асырылуы тиіс. Сонымен қатар, депутаттарға президент ұсынған Жоғарғы сот судьяларын сайлау өкілеттігін беру ұсынылады. Бұл – Қазақстан парламентаризмінің дамуы мен билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік пен бақылау жүйесін нығайтудағы үлкен қадам", – деді президент.
Ол жаңа бірпалаталы парламентте 8 комитет және 145 депутат болуы мүмкін екенін хабарлады. Қазіргі кезде олардың саны – 148.
"Сонымен қатар, Парламенттің атын – "Құрылтай" деп атауды дұрыс деп есептеймін", – деп толықтырды Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан Ұлттық құрылтайдың V отырысы Қызылордада өтуде. Отырыс барысында Президент Қазақстанның одан әрі даму бағыттарын айтып, қоғамдық өмірдегі өзекті мәселелерді қозғайтын болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:21, 7 ақпан 2026
Қазақстан арнайы мақсаттағы бөлімшелері командалары Дубайдағы жарыстың бірінші күнінде жаппай топ жарды
-
19:31, 7 ақпан 2026
Олимпиада-2026: қазақстандық шаңғышылар скиатлон жарысында сынға түсті
-
19:29, 7 ақпан 2026
Қазақстан құрамасы тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатында күміс медальға ие болды
-
18:31, 7 ақпан 2026
Дэвис кубогы: Монако теннисшілері Қазақстанға қарсы кездесуде алға шықты
-
18:12, 7 ақпан 2026
Қазақстан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатындағы екінші алтын медалін жеңіп алды





