Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды
© Сурет: Zakon.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 20 қаңтарда өткен V Ұлттық Құрылтай отырысында жалпыхалықтық референдумның нақты күні Конституциялық комиссия жұмысы толық аяқталғаннан кейін айқындалатынын айтты.
Мемлекет басшысының сөзінше, бастапқыда Парламенттік реформа аясында Конституцияның шамамен 40 бабына өзгеріс енгізу жоспарланған.
"Алайда жұмыс барысында түзетулер саны әлдеқайда көп болатыны анықталды. Өздеріңіз білесіздер, 2022 жылғы реформа кезінде Ата заңның 33 бабы жаңартылған еді. Ал қазіргі өзгерістер одан да ауқымды. Біз, шын мәнінде, жаңа Конституция қабылдауға пара-пар қадам жасағалы отырмыз. Сондықтан Конституциялық комиссия құру туралы шешім қабылдадым. Ертең, 21 қаңтарда, тиісті жарлыққа қол қоямын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің айтуынша, комиссия құрамына 100-ден астам азамат енеді.
"Олардың қатарында Ұлттық Құрылтай мүшелері, белгілі заңгерлер, бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, мәслихат төрағалары, үкіметтік емес ұйым өкілдері және басқа да білікті мамандар болады. Бұл жұмысқа Конституциялық соттың төрағасы жетекшілік етеді. Комиссия барлық ұсынысты мұқият сараптап, қорытып, нақты өзгерістер жобасын әзірлейді. Осыдан кейін жалпыхалықтық референдумның өткізу мерзімін белгілейміз", – деп толықтырды Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Авраам келісімдеріне қосылу себебін де түсіндірді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:26, 11 наурыз 2026
Ерлі-зайыптылар WhatsApp пен жарнамалар арқылы 51 млн теңгеден астам қаржы таппақ болған
-
13:15, 11 наурыз 2026
Шымбұлақта ресейлік сноубордшы жолдан шығып, жыраға құлап кетті – құтқару сәті видеоға түсті
-
13:07, 11 наурыз 2026
Алматыда суррогат ана ақысын ала алмай жүр
-
12:52, 11 наурыз 2026
Ғылым және жоғары білім министрінің «Б» корпусы қызметшілерінің жұмысын бағалау: өзгерістер енгізілді
-
12:46, 11 наурыз 2026
Марста сирек минерал табылды





