Болгария президенті Румен Радев отставкаға кететінін мәлімдеді
© Сурет: Х/President.bg
Болгария президенті Румен Радев мемлекет басшысы қызметінен кетуге ниетті екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол 19 қаңтарда халыққа жасаған үндеуінде айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Радевтің айтуынша, ол отставка туралы ресми өтінішін 20 қаңтарда тапсырады. Президенттің міндетін уақытша вице-президент Илияна Йотова атқарады. Радев оны "мемлекет басшысының міндетін лайықты атқара алатын тұлға" деп атады.
Батыс БАҚ-тарының жазуынша, Радевтің бұл шешімі оның белсенді саясатқа қайта оралуы мүмкін деген болжамдарға себеп болды. Кейбір деректерге сәйкес, ол жеке саяси партия құрып, кезектен тыс парламенттік сайлауға қатысуы ықтимал.
Румен Радев Болгария президенті қызметін 2016 жылдан бері атқарып келеді, ал 2021 жылы екінші бес жылдық мерзімге қайта сайланған. Оның өкілеттік мерзімі 2027 жылдың қаңтарында аяқталуы тиіс еді. Президенттік кезеңінде ол Болгарияның 2026 жылы еуроаймаққа қосылуына бірнеше рет қарсы шыққан.
Мемлекет басшысының отставкасы елдегі ұзаққа созылған саяси дағдарыс аясында болып отыр. Болгарияда соңғы төрт жыл ішінде сегізінші рет парламенттік сайлау өткізуге дайындық жүріп жатыр. Соңғы коалициялық үкімет 2025 жылдың желтоқсанында салықтарды көтеру жоспарларына қарсы жаппай наразылықтардан кейін отставкаға кеткен болатын.
Бұған дейін Пашинянның армяндарды би кешіне шақырғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:21, 7 ақпан 2026
Қазақстан арнайы мақсаттағы бөлімшелері командалары Дубайдағы жарыстың бірінші күнінде жаппай топ жарды
-
19:31, 7 ақпан 2026
Олимпиада-2026: қазақстандық шаңғышылар скиатлон жарысында сынға түсті
-
19:29, 7 ақпан 2026
Қазақстан құрамасы тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатында күміс медальға ие болды
-
18:31, 7 ақпан 2026
Дэвис кубогы: Монако теннисшілері Қазақстанға қарсы кездесуде алға шықты
-
18:12, 7 ақпан 2026
Қазақстан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатындағы екінші алтын медалін жеңіп алды





