Мемлекет басшысы ЕАЭО туралы: өзара мүдделердің әділ теңгерімін табу қажет
© Фото: eaeunion.org
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 20 қаңтарда V Ұлттық Құрылтайдың отырысында Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) жұмысына қандай өзгерістер қажет екенін айтты.
Мемлекет басшысы қазіргі халықаралық шиеленіс жағдайында Қазақстанның ұстанымы айқын екенін атап өтті. Оның айтуынша, еліміз экономикалық интеграцияны қолдайды және бұл үдеріске белсенді түрде қатысып келеді.
"Алайда интеграция біздің ұлттық мүдделерімізге қатысты әділ сипатта болуы тиіс. Биыл Қазақстан Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалық етеді. Басым бағыттардың қатарында еуразиялық интеграцияның тиімділігін арттыру мақсатында жасанды интеллектіні кеңінен енгізу, саудадағы кедергілер мен негізсіз протекционизмді жою жұмыстары бар. Мәселен, Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласының орынсыз қысымға ұшырауын қалыпты жағдай деуге болмайды", — деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, одаққа мүше кейбір мемлекеттерде субсидияланатын өнімдердің әсерінен отандық тамақ өнеркәсібі өкілдері өндіріс көлемін қысқартуға мәжбүр болып отыр.
"Бұл — біз үшін азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей қатысты мәселе. Сондықтан мен интеграцияның әділ болуы керектігін айтып отырмын. Өзара мүдделердің әділ теңгерімін табу, Қазақстанның мүддесін сауатты әрі дәлелді түрде қорғау қажет", — деп түйіндеді Мемлекет басшысы.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев көмір энергетикасын дамыту мәселесінің маңыздылығын да атап өткен болатын. Оның сөзінше, қазіргі таңда елде өндіріліп отырған 123 миллиард киловатт-сағат электр энергиясы алға қойылған барлық жоспарды жүзеге асыру үшін жеткіліксіз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:08, 20 қаңтар 2026
Мемлекет басшысы Қазақстанда заң қабылдау тәртібін өзгерту туралы ұсыныс жасады
-
15:57, 20 қаңтар 2026
Халық Кеңесі қандай мәселелермен айналысатыны белгілі болды
-
15:45, 20 қаңтар 2026
20 қаңтарда доллар бағамы тағы төмендеді
-
15:39, 20 қаңтар 2026
Алматыда ірі заңсыз нысан сот шешімімен бұзылып жатыр
-
15:26, 20 қаңтар 2026
Тоқаев жаңа Салық кодексін түзету қажеттігін айтты





