Қазақстандық полицейлердің видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті
© Сурет: Instagram/polisia_kostanay
Қостанай облысының полиция қызметкерлері түсірген әлеуметтік бейнеролик желіде жылдам тарап, қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл видеоны алғашқылардың бірі болып Ресейдегі маркетологтардың кәсіби қауымдастығы назарға алған. Сарапшылар роликтің ерекше форматын, иронияға құрылған стилін және жастарға түсінікті тілін жоғары бағалап, авторлар осы тәсілдер арқылы есірткі қылмысының салдары туралы маңызды ескертуді сәтті жеткізе алғанын атап өтті.
"Қазақстандық полицейлердің әлеуметтік жарнамасы – бұл өнердің жеке бір түрі", – деп жазды желідегі ағайын.
Бейнероликтің сюжеті полиция қызметкері мен ұсталған есірткі тасымалдаушы арасындағы қызу диалогқа құрылған. Оқиға барысында жас жігіт полицияның жедел әрекетіне қатты таң қалғанын, "жасырылған затты" алып үлгерген сәтте бірден ұсталады деп мүлде күтпегенін мойындайды.
"Өз атымыздан – бес жылға арналған жолдама: күніне үш мезгіл тамақ және тәулік бойы күзет", – деді полицей әзіл-шыны аралас.
Ролик соңында басты кейіпкер көрермендерге есірткі тарату фактілері туралы хабар беруге шақырады. Оның ішінде бұл іспен таныстары немесе достары айналысса да, бейжай қалмауға үндейді.
Ресейлік маркетологтардың пікірінше, бұл бейнеролик әлеуметтік мазмұнды, вирустық форматты және жастарға жақын тілді сәтті үйлестірген, сондықтан ол алдын алу құралы ретінде жоғары тиімділікке ие.
Бұған дейін Таразда көлігінің жүк салғышынан 38 келі марихуана шыққан ер адам 8 жылға сотталғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:20, 10 ақпан 2026
2026 жылғы Олимпиададағы шаңғы жарысы: қазақстандықтар спринтте сынға түсті
-
18:10, 10 ақпан 2026
Киберполицейлер бірнеше алаяқтық схемаға қатысы бар дропперді ұстады
-
18:05, 10 ақпан 2026
Шорт-трекші Денис Никиша қысқы Олимпиаданың 1/4 финалына өте алмады
-
18:00, 10 ақпан 2026
Қазақстанда қазір қай жолдар жабық
-
17:50, 10 ақпан 2026
Конституция жобасында адам құқықтары мен бостандықтарына қатысты нормалар күшейтілді





