Киберполицейлер бірнеше алаяқтық схемаға қатысы бар дропперді ұстады
© Сурет: polisia.kz
Ақмола облысында киберполицейлер бірнеше алаяқтық схемаға қатысы бар дропперді ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында Ақмола киберполицейлері кем дегенде үш алаяқтық схемаға қатысы бар күдікті дропперді ұстады. Операция "Anti-Fraud" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында жүргізілді.
"24 жастағы күдікті интернет-алаяқтыққа қатысып, оны ұйымдастырушылар мен қатысушылар арасында делдал қызметін атқарған. Ол үшінші тұлғаларды тауып, олардың атына әртүрлі банктерде шоттар ашты. Сол шоттарды жәбірленушілерден ұрланған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру үшін пайдаланып, қаржыны қылмыстық схемалардың ұйымдастырушыларына жеткізген", - деп хабарлады Ішкі істер минстрлігі.
Сонымен қатар күдіктінің SIM карталарды іске қосумен де айналысқаны анықталды. Бұл карталар алаяқтарға телефон қоңырауларын жасау және азаматтарды алдау үшін қолданылған. Мұндай тәсіл қаскөйлерге жеке басын жасыруға мүмкіндік беріп, олардың ізін табуды қиындатқан.
Қазіргі уақытта ұсталған адамның кем дегенде үш алаяқтық эпизодқа қатысы расталған. Сотқа дейінгі тергеу шеңберінде полиция оның басқа да ұқсас қылмыстарға қатысын тексеріп, заңсыз әрекетінен зардап шеккен азаматтарды анықтау жұмысын жалғастырып жатыр.
Құқық қорғау органдары азаматтарға қаржылық операцияларды жүргізгенде сақ болуға, банктік деректерін үшінші тұлғаларға бермеуге, сондай-ақ заңсыз немесе "жеңіл табыс" ұсыныстарына келісуге болмайтынын ескертті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:40, 10 ақпан 2026
Қазақстандық могулшылар Олимпиаданың финалына шығу үшін екінші іріктеу кезеңінде бақ сынайды
-
19:22, 10 ақпан 2026
Қазақстанда 11 ақпанда ауа райы қандай болады
-
19:12, 10 ақпан 2026
Ризабек Айтмұхан еркін күрестен Бішкектегі халықаралық турнирде бақ сынайды
-
18:53, 10 ақпан 2026
Олимпиада-2026: қазақстандық шорт-трекшілер 500 метр қашықтықта бақ сынады
-
18:44, 10 ақпан 2026
Алматыда жаңа жылдық шыршалар қашан жиналатыны белгілі болды





