Қазақстанда қазір қай жолдар жабық

18:00, 10 ақпан 2026

© Сурет: Zakon.kz

2026 жылғы 10 ақпанда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде республикалық маңызы бар автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облысы:

  • "Қостанай – Әулиекөл – Сұрған" автомобиль жолының 232-260 шақырым аралығындағы учаскесі (Қостанай облысының шекарасынан Сұрған ауылына дейін);
  • "Жезқазған — Арқалық — Петропавл" автомобиль жолының 537-552 шақырым аралығындағы учаскесі (Бұзылық ауылынан Сұрған ауылына дейін);
  • "Жақсы — Есіл — Бұзылық" автомобиль жолының 71-82 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақсай елді мекенінен Бұзылық ауылына дейін);

Қостанай облысы:

  • "Қостанай – Әулиекөл – Сұрған" автомобиль жолының 8-232 шақырым аралығындағы учаскесі (Тобыл қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін);
  • "Қостанай — Рудный — Денисовка — Комсомольское — Қарабұтақ" автомобиль жолының 385-501 шақырым аралығындағы учаскесі (Денисовка елді мекенінен Рудный қаласына дейін).

Жолды 2026 жылғы 11 ақпан сағат 09:00-де ашу жоспарланған.

Сондай-ақ кешкі уақытта ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда барлық көлік түрінің қозғалысына уақытша шектелді:

Қостанай облысы:

  • "Жезқазған – Арқалық – Петропавл" автожолының 340-377 шақырым аралығындағы учаскесі (Арқалық қаласы – Ақмола облысының шекарасы).

Ақмола облысы:

  • "Қостанай – Әулиекөл – Сұрған" автомобиль жолының 232-260 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасынан Сұрған ауылына дейін);
  • "Жезқазған — Арқалық — Петропавл" автомобиль жолының 537-552 шақырым аралығы (Бұзылық ауылынан Сұрған ауылына дейін);
  • "Жақсы — Есіл — Бұзылық" автомобиль жолының 71-82 шақырым аралығы (Ақсай елді мекенінен Бұзылық ауылына дейін).

Қостанай облысы:

  • "Қостанай – Әулиекөл – Сұрған" автомобиль жолының 8-232 шақырым аралығы (Тобыл қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін);
  • "Қостанай — Рудный — Денисовка — Комсомольское — Қарабұтақ" автомобиль жолының 385-501 шақырым аралығы (Денисовка елді мекенінен Рудный қаласына дейін).

Павлодар облысы:

  • "Атамекен – Ертіс – РФ шекарасы" автожолының 0-263 шақырымы аралығы (Атамекен ауылы – РФ шекрасы);
  • "ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы (Үрлітөбе ө/п)" автожолының 191-390 шақырым аралығы (Мичурин ауылы – РФ шекарасы);
  • "Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті" автожолының 1135-1206 шақырым аралығы (Қарағанды облысының шекарасы — Шідерті кенті);
  • "Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара" автожолының 0-231 шақырымы аралығы (Қарағанды облысының шекарасы – Қалқаман ауылы);
  • "Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы" автожолының 200-431 шақырым аралығы (Ақмола облысы шекарасы – Атамекен ауылы);
  • "Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы" 0-152 шақырым аралығы (Павлодар қаласынан РФ шекарасына дейін).

Жолды 2026 жылғы 11 ақпан сағат 09:00-де ашу жоспарланған.

Ақтөбе облысы:

  • "Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз" автожолының 3-389 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласынан Ырғыз ауылына дейін).

Абай облысы:

  • "Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы" автожолының 683-768 шақырым аралығы (Таскескен ауылынан Аягөз қаласына дейін).

Жолды 2026 жылғы 11 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!