Қазақстандық оқушылар физика олимпиадасында 20 елді басып озды

18:05, 8 шілде 2025

© Сурет: Telegram/oqu_agartu

Ресейдің Ханты-Мансийск қаласында Халықаралық ғылыми физика олимпиадасы (ISPhO-2025) өз мәресіне жетті. Оның нәтижесінде Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 1-орынды жеңіп алып, әлемдік көшбасшылар қатарына енді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлемнің 21 елінен жиналған қатысушылар арасында 5 жас қазақстандық елге он марапатпен оралды. Олимпиада екі негізгі кезеңнен тұрды: теориялық және эксперименттік кезеңдер. Әр қатысушы жеке есепте екі бағыт бойынша бағаланды.

Күміс медаль иегерлері:

  • Роман Черемнов – Алматыдағы "Мирас" мектебінің 11-сынып оқушысы;
  • Тайыр Әбдіқадыр –Қостанай облыстық "Білім-инновация" лицейінің 10-сынып оқушысы;
  • Әлтайыр Ақанов – Астанадағы РФММ-нің 11-сынып оқушысы;
  • Ілияс Қазымбек – Алматыдағы РФММ-нің 10-сынып оқушысы.

Қола медаль иегері

  • Астана қаласы NURORDA мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Даниэль Тюлюбаев.

Теориялық айналым нәтижелері бойынша

  • 1-дәрежелі диплом - Роман Черемнов, Ілияс Қазымбек;
  • 2-дәрежелі диплом - Даниэль Тюлюбаев, Тайыр Әбдіқадыр, Әлтайыр Ақанов.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!