Қазақстандық музыкант Дархан Жүнісбеков қайтыс болды

15:59, 24 ақпан 2023

Алматы. 24 ақпан. 7kun.kz – Darkhan Juzz лақап атымен танымал қазақстандық музыкант Дархан Жүнісбеков дүниеден өтті, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Қаралы хабар естігенде төбемізден жай түскендей болдық. Дархан қазіргі заманғы қазақ музыкасының жарқын өкілі еді. Жарқырап жанып келе жатқан жұлдыздың мезгілсіз ағып түскені қабырғамызды қайыстырды», – деп жазды ҚР мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин.

Музыкант 32 жаста болған. Қайғылы оқиғаның себебі нақтыланып жатыр.

«Қазақ музыкасын дамытуға үлкен үлес қосатын азамат болатын. Амал нешік, ажал оны арамыздан ерте алып кетті. Алдың жарық, топырағың торқа болсын, Дархан! Сенің жарқын бейнең өнеріңді қадірлейтін жұрттың жүрегінде мәңгі сақталады!», – деп жазды Қарин.

Telegram-арнада журналист, PRESIDENT жобасының авторы Әділ Балтабаевтың жазуынша, Дархан Жүнісбеков Тайландта жол апатынан қайтыс болды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!