Қазақстандық әртістер шетелде флешмоб ұйымдастырды
© Сурет: Zakon.kz
"Алатау әуендері" концерттік ұйымына қарасты "Құлансаз" фольклорлы-этнографиялық ансамблі Брюссель көшелерінде флешмоб ұйымдастырып, еуропалықтарға дәстүрлі ән-күйден шашу шашып, би биледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
"24.kz" ақпаратына сүйенсек, Бельгия астанасында Қазақстан мәдениеті апталығы өтіп жатыр. Атомиум — Брюссельдегі басты орындардың бірі. Тарихи ескерткіш осыдан 70 жылдай бұрын атом энергиясын бейбіт мақсатта қолданудың символы ретінде тұрғызылған. Осы жолы оның алды шағын қойылым алаңына айналды. Қазақстандық өнерпаздар флешмоб ұйымдастырып, шетелдіктерді қазақтың бай мәдениетімен таныстырды.
"Бельгия – саксофонның отаны. Сондықтан кеште жергілікті саксофоншы ансамбльмен бірге француз әуенін орындады. Тағы бір шетелдік қасиетті қара домбырамен күй тартты. Енді үйреніп жүргеніне қарамастан, "Ерке сылқымды" жаңылмай шертіп, өнерде шекара жоқ екенін тағы бір дәлелдеді. Отандық өнер ұжымы бельгиялық поп-жұлдыз Stromae-ның әнін француз тілінде айтып, халықтың қошеметіне бөленді. Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері де қалыс қалмады. Сүйікті әншісінің "Махаббат бер маған" әнін шырқап, көпшілікті сүйсінтті",- делінген телеарна мәліметінде.
Бұған дейін Димаш Құдайберген Латвиядағы әйгілі сахнада өнер көрсететіндігін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:34, 12 желтоқсан 2025
Швейцарияда тас дәуіріне жататын ежелгі қорған табылды
-
12:27, 12 желтоқсан 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚК-ға жаңа функциялар жүктеді
-
12:13, 12 желтоқсан 2025
Елордада өз есепшоттарын алаяқтық мақсатта сатқандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды
-
12:06, 12 желтоқсан 2025
3 мың SIM-карта және SIM-бокстар: полиция алаяқтардың жаппай қоңырау шалу схемасын анықтады
-
11:58, 12 желтоқсан 2025
Ұлтараққа жасырылған есірткі: тергеу изоляторына тыйым салынған затты өткізбек болған күдікті анықталды





