Қытайда тірі құрттарды шалбарына салып өтпек болған әйел ұсталды
© Сурет: pixabay
Қытайдың Цзинхун қаласында кеден қызметкерлері шалбарына тірі құрттарды салып, жасырып өтпек болған әйелді ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әйел кеденшілердің назарына "денесінің аномалды қимылы" мен күмән тудырған жүрісінің арқасында іліккен. Need To Know басылымының жазуынша, тексеру барысында кеден қызметкерлері оның шалбарынан бір килограммнан астам тірі бамбук құрттарын тапты.
Одан кейін кеденшілер әйелмен бірге келе жатқан тағы екі жолаушыға назар аударған. Олар да күмәнді әрекеттер жасаған. Тексеру кезінде әйелдердің бірінің іш тұсына оралған шұлық ішінен екі килограмм тірі жәндік табылды. Ал үшінші әйелдің қалталарынан және рюкзагынан жеке салынған төрт пакет құрт шықты.
@thedailystar Travellers have been warned that live insects are prohibited from being brought into the country. #dailystar #worms #customs ♬ Noticias – yagobeats
Құқық бұзушылардың қай елдің азаматтары екені әзірге нақты айтылмаған.
Бұған дейін Америка елге кірер алдында шетелдіктердің әлеуметтік желідегі белсенділігін тексеруді жоспарлап отырғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:39, 11 желтоқсан 2025
Қазақстандықтар нақты өзгерістер деп нені санайды: Тәуелсіздік күні қарсаңындағы реформаларға ой-толғам
-
13:27, 11 желтоқсан 2025
Сарапшылар етті мұздатқышта қанша уақыт сақтауға болатынын айтып берді
-
13:01, 11 желтоқсан 2025
«Қайрат» – «Олимпиакос» матчына келген испандық журналист Астананың сақылдаған сары аязында қалып қойды
-
12:52, 11 желтоқсан 2025
Қазақстан мен Иран президенттері не туралы келісті
-
12:52, 11 желтоқсан 2025
Иран 2025 жылы Қазақстан экономикасына 17,8 миллион доллар тікелей инвестиция салған





