Швейцарияда тас дәуіріне жататын ежелгі қорған табылды

12:34, 12 желтоқсан 2025

© Сурет: pixabay

Швейцарияның Фрибург кантонында археологтар шамамен 2600 жылдық тарихы бар монументалды қорған тапты. Бұл жерлеу орны б.з.д. 600 жылдар шамасында Антьямон аңғарында өмір сүрген ықпалды адамдардың өмірінен сыр шертеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олжа жайлы Фрибург кантонының археологиялық басқармасы мәлімдеді.

Аталмыш қорған – табылған үшінші монументалды жерлеу орны. Бұған дейінгі қорғандар уақыт өте қатты бүлініп кеткен еді. Ал жаңа табылған нысанда жерлеу бөлмесі мен оның айналасындағы топырақ үйінділері жақсы сақталған. Бұл ғалымдарға темір дәуіріндегі жерлеу дәстүрлерін жан-жақты зерттеуге мүмкіндік береді.

Жаңа қорғанның диаметрі шамамен 10 метр. Оның ішінде орталық жерлеу орны бар, қазба жұмыстары қазір аяқталуға жақын.

Зерттеушілердің пікірінше, бұл олжа Антьямон аңғарының ерте темір дәуіріндегі әлеуметтік және табиғи орта жағдайын жақсырақ түсінуге көмектеседі. Бұл кезең б.з.д. 800–450 жылдарды қамтиды. Ол уақытта "темір дәуірінің суық кезеңі" деп аталатын климаттық өзгерістер болған. Температураның төмендеуі қоғамның құрылымына да әсер еткен.

Мұндай климаттық кезеңдерде жерлеу рәсімдері қарапайым бола түскен. Ал жағдай жақсарған жылдары адамдар күрделі, ауқымды жерлеу құрылыстарын тұрғызған.

Қорғанның жақсы сақталуы археологтарға жерлеу рәсімдерін егжей-тегжейлі қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Жерлеу камерасының орналасуы, дененің қойылуы, топырақ үйіндісінің қабаттары, қойылған құрбандық заттар – осының бәрі темір дәуіріндегі адамдардың кім болғанын, олардың дүниетанымы мен қоғамдағы байланыстарын тереңірек түсінуге жол ашады.

Бұған дейін Мысырда әйгілі перғауынның бос қабірі табылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!