Алматыдағы пойызда уланған 52 адамның 10-ы балалар, 2 бүлдіршін реанимацияда
© Фото: Zakon.kz
Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы пойызда газбен улану оқиғасына қатысты зардап шеккендердің жағдайы жөнінде мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресми ақпаратқа сәйкес, 2025 жылдың 11 желтоқсанында апат орнына 13 жедел жәрдем бригадасы жіберілген.
Жалпы, 52 адам зардап шеккен, олардың ішінде балалар бар.
"Барлық зардап шеккендер стационарлардың қабылдау бөлімшелеріне жеткізіліп, тексеруден өтіп, қажетті медициналық көмек көрсетілді. Нәтижесінде 10 бала стационарға жатқызылды, олардың 2 реанимация бөлімінде, қалғандары профильдік бөлімдерде", – деп хабарлады Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Қалған науқастар тексеруден өтіп, қажетті көмек алған соң амбулаториялық емге жіберілген. Госпитализацияланған науқастардың жағдайы дәрігерлердің бақылауында, барлығы қажетті медициналық көмекпен қамтамасыз етілген.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде оқиға Алматы-2 вокзалында орын алды деп ақпарат тараған. Алайда "Қазақстан темір жолы" компаниясының баспасөз қызметі дереу мәлімдеме жасады:
"Газбен улану оқиғасы туралы тараған ақпаратқа байланысты хабарлаймыз: бұл оқиға ұлттық тасымалдаушыға қатысы жоқ. Уланған пойыз жолаушылар тасымалы компаниясына жатпайды және жеке тасымалдаушыға тиесілі. Вагон киностудияға түсірілім үшін берілген", – деп хабарлады компания өкілдері.
Барлық жағдайлар құзырлы органдар тарапынан тексерілуде.
Сонымен қатар, 2025 жылдың 9 желтоқсанында Алматыда Төле би даңғылы бойымен автобус жүргізушісі белгіленген жаяу жүргінші өткелінен өтіп бара жатқан қызды қағып, зардап шеккенді ауруханаға жеткізген еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:20, 11 желтоқсан 2025
Теміртау тұрғыны үйіне келген қонағының 1 млн теңгесін ұрлап алған
-
18:11, 11 желтоқсан 2025
Қазақстандық гандболшылар әлем чемпионатында Иранды жеңді
-
17:58, 11 желтоқсан 2025
Каспий суын сақтау үшін мемлекетаралық бағдарлама қабылдауымыз керек - Тоқаев
-
17:56, 11 желтоқсан 2025
Ирандық компания елімізде жылына 200 мың тонна өнім шығаратын сүт комбинатын салады
-
17:53, 11 желтоқсан 2025
Тоқаев пен Пезешкиан Қазақстан-Иран бизнес форумына қатысты





