Қазақстандық балуандар U20 Азия чемпионатында тағы үш медаль жеңіп алды

19:06, 2 шілде 2026

© Сурет: United world wrestling

Қазақстан грек-рим күресінен Таиландтың Паттайя қаласында өтіп жатқан U20 жас санатындағы Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еркебұлан Анапия 82 келіге дейінгі салмақтың финалында Иран өкілі Алиреза Мохаммад Хоссейниден жеңіліп, жарысты күміс жүлдемен аяқтады.

60 келіге дейінгі салмақта Алпамыс Болатұлы қола жүлде үшін өткен белдесуде жапониялық Юсукэ Хиротаны тізе бүктірді.

97 келіге дейінгі салмақта Максим Украинцев қола медаль үшін өткен айқаста Қытай өкілі Синью Люді жеңді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!