Жаңа Конституцияға орай рақымшылық жарияланды: кімдер қылмыстық жауаптылықтан босатылады
© Фото: Zakon.kz
Қазақстан Президенті қол қойған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы заң жарияланды.
Атап айтқанда, қылмыстық жауаптылықтан немесе негізгі жазадан:
- қылмыстық теріс қылықтар немесе онша ауыр емес қылмыстар жасаған адамдар;
- орташа ауырлықтағы қылмыс жасап, залал келтірмеген не келтірілген залалды толық өтеген немесе оларға қатысты азаматтық талап қойылмаған адамдар босатылады.
Сондай-ақ орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаны үшін сотталған, тәртібі теріс деп танылмаған және рақымшылық жасау актісін орындау кезеңінде жазасының аяқталуына бір жылдан аспайтын мерзім қалған адамдар негізгі жазадан босатылады.
Жоғарыда көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша өндірістегі істер қылмыстық процесті жүргізетін органның шешімімен тоқтатылып, адамдар қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Сонымен қатар соттардың өндірісіндегі қылмыстық теріс қылықтар, онша ауыр емес немесе орташа ауырлықтағы қылмыстар бойынша қосымша жаза тағайындау міндетті болған жағдайда, жоғарыда аталған адамдарды сот негізгі жазадан босатады.
Бұл ретте рақымшылыққа іліккен сотталғандар тек негізгі жазаны одан әрі өтеуден босатылады.
Рақымшылық мынадай адамдарға қолданылмайды:
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағандарға;
- террористік қылмыс жасағандарға;
- экстремистік қылмыс немесе экстремизм белгілері бар қылмыс жасағандарға;
- кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасағандарға (14 пен 18 жас аралығындағы кәмелетке толмағанның басқа кәмелетке толмағанға қатысты жасаған әрекетін қоспағанда);
- азаптау қылмысын жасағандарға;
- қылмысты қайталап немесе аса қауіпті қайталап жасағаны үшін жаза тағайындалғандарға;
- өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына сотталғандарға;
- қылмыстық топ, ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым, қылмыстық қауымдастық, трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым, трансұлттық қылмыстық қауымдастық, террористік топ, экстремистік топ, банда немесе заңсыз әскерилендірілген құрам құрамында қылмыс жасағандарға;
- жазасын толық өтеп шыққан адамдарға;
- бірнеше қылмыстық құқық бұзушылық жасаған, олардың біреуі осы Заңның талаптарына сәйкес келмейтін адамдарға;
- жазасын өтеу кезінде қасақана қылмыс жасағандарға және заңда көзделген басқа да санаттағы адамдарға.
Заңда сондай-ақ бірқатар жағдайларда негізгі жазаның мерзімін немесе мөлшерін қысқарту көзделген.
Бұдан бөлек, Қазақстанда әкімшілік рақымшылық жүргізіледі. Ол Қазақстан Республикасының азаматтарын, жеке кәсіпкерлерді, жеке нотариустарды, жеке сот орындаушыларын, адвокаттар мен заң консультанттарын айыппұлдардан босатуды көздейді.
Алайда бұл рақымшылық заңды тұлғаларға, лауазымды адамдарға, қандастарға, шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ сот тағайындаған айыппұлдарға қолданылмайды.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, әкімшілік жазадан босату рәсімдерін автоматтандыру жұмыстарын қамтамасыз етеді.
Заңның толық мәтінімен танысуға болады. Құжат 2026 жылғы 2 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Еске салсақ, 2026 жылғы 1 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауқымды рақымшылық туралы заңға және оған ілеспе заңдарға қол қойған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:12, 2 шілде 2026
Алматылықтар жаңа Конституцияның күшіне енген күнін ауқымды концертпен атап өтті
-
11:03, 2 шілде 2026
«Сағынатын боламын»: Дастан Сәтбаев жанкүйерлеріне үндеу жасады
-
10:45, 2 шілде 2026
Ақмоладағы жеке лагерьде оқушылар жаппай уланды: полиция істің мән-жайын анықтауда
-
10:32, 2 шілде 2026
Есірткі бизнесінің цифрлық арналарына қарсы күрес күшейді: 9 мың банк картасы бұғатталды
-
10:25, 2 шілде 2026
Екібастұзда сотталушы түзету мекемесіне телефон алып өтпек болған





