Тоқаев «жалған психологтармен» күреске бағытталған заңға қол қойды
© Фото: zakon.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Психологиялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы құжат Ақорда сайтында жарияланды.
"Мемлекет басшысы "Психологиялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", – делінген хабарламада.
Бұған дейін заңды Сенат мақұлдаған болатын. Депутат Әсем Рахметованың айтуынша, құжат Президенттің тапсырмаларын ескере отырып әзірленген. Бұған дейін Мемлекет басшысы өзін "психолог" немесе "коуч" ретінде таныстыратын жалған мамандардың көбейгеніне назар аударып, бұл саланы бақылауды күшейту қажеттігін айтқан еді.
Заң психолог мамандардың кәсіби даярлығына жаңа талаптар енгізеді. Атап айтқанда, психологтердің біліктілік талаптарын, құзыреттері мен дайындық деңгейін айқындайтын кәсіби стандарт бекітіледі. Сондай-ақ мамандардың жауапкершілігі мен құпиялылық қағидаларын реттейтін Кәсіби этика кодексі қабылданады.
Сонымен қатар заң аясында психологтердің жұмысында ғылыми негізделген әдістерді міндетті түрде қолдану талабы енгізіледі. Кәсіби даярлық сапасын арттыру мақсатында супервизия институты да енгізілмек.
Заңдағы негізгі жаңашылдықтардың бірі – психологтерді сертификаттау жүйесінің енгізілуі. Ол мамандардың белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалауға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, осы саладағы мамандардың мемлекеттік тізілімі құрылады.
Қазіргі таңда елде психологтерді даярлауға қажетті білім беру базасы қалыптасқан. Республика бойынша 43 жоғары оқу орны психолог мамандарын даярлайды. Онда шамамен 17 мың студент білім алса, жыл сайын 4 мыңға жуық түлек оқуын аяқтайды.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қазақстанның барлық өңірінде психологиялық қолдау орталықтары жұмыс істейді. Өткен жылдың өзінде олар 50 мыңға жуық азаматқа психологиялық кеңес берген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:30, 2 шілде 2026
Анна Данилина Уимблдонды жеңіспен бастады
-
21:02, 2 шілде 2026
Алматыдан Астанаға ұшқан ұшақ кері қайтуға мәжбүр болды
-
20:42, 2 шілде 2026
Қазақстанда докторантура емтиханына өтініш қабылдау қашан басталады
-
20:04, 2 шілде 2026
Түркістанда қызметтік міндетін атқару кезінде полиция капитаны қаза тапты
-
19:40, 2 шілде 2026
Астанада Қазақ ұлттық спорт университеті салтанатты түрде ашылды





