Қазақстанда Конституция аллеясы ашылды

09:06, 2 шілде 2026

© Сурет: ҚР Конституциялық соттың баспасөз қызметі

1 шілде – Қазақстан Республикасы Конституциясының күшіне енген күні Астанада жаңа Конституция аллеясы ашылды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2026 09:06

Конституциялық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, аллея Мәңгілік Ел даңғылында, Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік архиві мен Конституциялық сот ғимаратының жанында орналасқан.

"Астанада жаңа қоғамдық кеңістіктерді қалыптастыру игі дәстүрге айналды. Дегенмен бұл аллеяның өзіндік ерекше символдық мәні бар", – делінген хабарламада.
1 шілде – Қазақстан Республикасы Конституциясының күшіне енген күні Астанада жаңа Конституция аллеясы ашылды., сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2026 09:06

Сурет: ҚР Конституциялық соттың баспасөз қызметі

Ведомствоның айтуынша, аллеяның дәл осы күні ашылуы елдің жасампаздыққа ұмтылысын, жайлы қалалық ортаны дамытуға деген ниетін және мемлекеттің әл-ауқатына ортақ жауапкершілікті білдіреді.

Еске салайық, 2026 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енді. Осыған байланысты Конституциялық сот еліміздің жаңа Негізгі заңының құқықтық мәртебесіне қатысты түсіндірме берген болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!