Қазақстандық арнайы жасақтар UAE SWAT Challenge - 2026 турнирінде алтын және күміс жүлде жеңіп алды

09:02, 12 ақпан 2026

© Сурет: ҚР ІІМ

Қазақстандық арнайы бөліністер Дубайда өткен халықаралық UAE SWAT Challenge – 2026 турнирінде сәтті өнер көрсетті.

Жарыста еліміздің намысын бес құрама команда қорғады. Нәтижесінде олар Қазақстанның осы турнирге қатысу тарихындағы ең үздік көрсеткіштердің біріне қол жеткізді.

Жалпыкомандалық есепте Kaz SWAT Team C командасы бірінші орынды, ал Kaz SWAT Team A командасы екінші орынды иеленді. Үшінші орын Қытай командасына бұйырды.

Сонымен қатар Kaz SWAT Team B сегізінші орынға, Kaz SWAT Team Tomiris он сегізінші орынға, ал Kaz SWAT Team D жиырмасыншы орынға тұрақтады.

Айта кетейік, Tomiris командасы әйелдер құрамалары арасында көш бастап, өзге елдердің кейбір ерлер командаларын да артта қалдырды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!