Қазақстанда 2025 жыл жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланады

12:09, 7 қараша 2024

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

"ҚР Президентінің "Жұмысшы мамандықтар жылын жариялау туралы" жарлығының жобасы туралы" Үкіметтің қаулысы дайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жоба Қазақстан Президентінің қарауына енгізілетін болады.

"2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялансын",- делінген құжатта.

ҚР Үкіметі Жұмысшы мамандықтар жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдайтын болады.

Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелді.

Түсіндірілгендей жарлық жобасы экономиканың өсімін қамтамасыз ету мен инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін кәсіптік білім беру білім беру жүйесін реформалауға бағытталған. Сондай-ақ жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттау.

Құжат 20 қарашаға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!