Қазақстанда жеке мектептерге қойылатын талаптар күшейеді
© Сурет: pixabay
Елімізде жеке мектептерге қойылатын талаптар өзгереді. Бұл туралы Алматы қаласындағы жеке мектептердің құрылтайшылары мен директорларының қатысуымен өткен кездесуде ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова ,ұдан былай елімізде жеке мектептер тек нақты қажеттілік туындап отырған өңірлерде ғана ашылатынын айтады.
"Лицензия тек үшауысымды мектептерді, апатты жағдайда тұрған білім ордаларын алмастыру мақсатында мемлекеттік мектептер жетіспейтін өңірлерге ғана беріледі", - дейді ол.
Сонымен қатар, жеке мектептер құрылтайшыларының жауапкершілігі де заң аясында жетілдіріледі. Олар мектептердегі білім сапасы, ұстаздардың біліктілігі және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапкершілік алады. Қазіргі таңда құрылтайшылардың ғана емес, мектеп директорларын тағайындау тәртібін де өзгерту жоспарланып отыр. Енді мектеп директорларын бұрынғыдай құрылтайшылар таңдамайды. Шешім қабылдау кезінде салалық министрлік пен жергілікті атқарушы органдардың келісімі ескеріледі.
Қазіргі таңда еліміздегі 785 жеке мектептің құжаттары цифрландырылды, жалпы лицензиясы бар 890 жеке мектеп бар. Үкімет жаңадан ашылатын жеке мектептерге мемлекеттік тапсырыс орналастыру ісіне мораторий жариялауды жоспарлауда.
Бұған дейін Үкімет білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы қаржыландыру тетігін қайта қарастырғалы жатқанын жазғанбыз. Бұл туралы Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:43, 4 наурыз 2026
Жұманғарин Қазақстанның Бейбітшілік кеңесі аясындағы көмегі туралы айтты
-
12:29, 4 наурыз 2026
Мәжіліс Қазақстан мен Дүниежүзілік банктің келісімін ратификациялады
-
12:15, 4 наурыз 2026
Жаңа Конституция қабылданса, 30 тамыз мерекесі күшін жояды
-
12:03, 4 наурыз 2026
Павлодарда полиция қызметкері зейнеткердің 1,5 млн теңгесін алаяқтардан сақтап қалды
-
11:51, 4 наурыз 2026
Көктайғақ, жауын-шашын, боран: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды





