Қазақстанда зейнетақы алушылар саны 1,5 миллионнан асты
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазақстан зейнеткерлік жаста өмір сүруге қолайлы елдер рейтингінде 89 мемлекеттің ішінде 77-орынға тұрақтады. Зерттеуді U.S. News & World Report жүргізген.
Қазір елімізде 1 миллион 520 мың адам зейнетақы алады.
Ел тұрғындарының басым бөлігі зейнетақы жарналарын тұрақты түрде аударуға тырысады. 2024 жылғы деректерге сәйкес, салымшылардың 65,4 пайызы жыл ішінде 9-12 жарна салған, деп жазады qazaqstan.tv.
Тағы 12,5 пайызы 6–8 жарна аударса, тек 22,1 пайызы 1–5 жарнамен шектелген. Ал зейнетақы қоры жүргізген сауалнамаға сәйкес былтыр тұрғындардың 39,3 пайызы өздері ай сайын құйып отыратын зейнетақы жинақтарын қартайған шақтағы негізгі табыс көзі деп санайды.
Ал 25 пайызы мемлекеттен берілетін зейнетақыға үміт артатынын айтқан. Жауап бергендердің 15,6 пайызы өзге жинақтарына сенсе, 11,6 пайызы жеке бизнесіне сүйенетінін жеткізген.
Сонымен қатар тұрғындардың 5,4 пайызы туыстарының қолдауына иек артатынын айтқан. Сауалнамаға қатысқандардың 2,6 пайызы сақтандыру төлемдерін атаған. Ал 0,6 пайызы бұл сұраққа нақты жауап бере алмаған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:54, 27 ақпан 2026
ІІМ ӘҚБтК-нің 31-бабына енгізілген өзгерістің мәнін түсіндірді
-
15:46, 27 ақпан 2026
27 ақпандағы сауда қорытындысы: доллар арзандады
-
15:33, 27 ақпан 2026
Қазақстан 51 жыл бойы сақталған температуралық рекордты жаңартты
-
15:24, 27 ақпан 2026
Қазақстан соттарында қандай жеке деректер пайдаланылмақ
-
15:13, 27 ақпан 2026
Қарағанды облысында апатқа ұшыраған Су-30СМ жаңа болған – Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесі





