Қарағанды облысында апатқа ұшыраған Су-30СМ жаңа болған – Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесі

15:13, 27 ақпан 2026

© Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов Ақорда кулуарында Қарағанды облысында Су-30СМ жойғыш ұшағының апатқа ұшырауына қатысты пікір білдіріп, ұшақтың 2022 жылы жеткізілгенін және ұшу уақыты 230 сағат болғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, апатқа ұшыраған ұшақ жаңа болған. Ол осы үлгідегі барлық әуе кемелері жаңа екенін атап өтті.

"Қазір комиссия тергеу жүргізіп жатыр, оның қорытындысы шыққаннан кейін ақпарат беріледі. Ресейде өндірілген Су-30СМ жойғышы 2022 жылы жеткізілген. Ұшақтың жалпы ұшу уақыты – 230 сағат. Ең бастысы – ұшқыштар зардап шеккен жоқ, аман", – деді ол.

2026 жылғы 25 ақпанда Қарағанды облысында жоспарлы оқу-жаттығу ұшуларын орындау кезінде Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ экипажы дер кезінде катапульт жасап үлгерген.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!