ІІМ ӘҚБтК-нің 31-бабына енгізілген өзгерістің мәнін түсіндірді
© Фото: Zakon.kz
ІІО азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған қажетті профилактикалық шараларды қабылдап жатыр.
Бұл шаралардың барлығы алдын алу сипатында және ең алдымен адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық орындар мен тұрғын-үй аумақтарында қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.
12 наурыздан бастап "Цифрлық кодекс" аясында қабылданған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 31-бабына енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Аталған өзгеріс технологиялардың дамуына және процесстердің цифрландырылуына байланысты енгізілді.
Негізгі мақсат – заманауи техникалық шешімдерді қолданып жол қауіпсіздігін арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу тиімділігін күшейту.
Маңыздысы: жаңа тыйым енгізілмейді. Тек бұрыннан бар құқық бұзушылықтарды анықтаудың техникалық мүмкіндіктері кеңейтіледі. Бұған дейін рөлде отырып телефон пайдалану, қауіпсіздік белдігін тақпау сияқты құқық бұзушылықтар полиция қызметкерлерімен тікелей анықталса, енді оларды заманауи техникалық құралдар арқылы тіркеуге болады.
Яғни заң талаптары өзгермейді – тек оларды тіркеу тәсілдері жаңартылады. Бұрын автоматты режимде алты түрлі құқық бұзушылық тіркелетін, олар: жылдамдықты арттыру, бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өту, жол белгілері мен таңбаларының талаптарын сақтамау, тоқтау және тұру қағидаларын бұзу, озу және жолдың жүру бөліктерінде орналасу қағидаларын бұзу, жаяу жүргіншілерге жол бермеу.
Қалған құқық бұзушылықтар тек полиция қызметкерінің қатысуымен анықталатын.
Енді заңнамада құқық бұзушылықтарды тіркеудің үш тәсілі көзделген.
- Біріншісі – қолданыстағы бейнекамералар.
- Екіншісі – автоматты тіркеу жүйелері, арнайы өлшеуді қажет етпейтін өзге де бұзушылықтарды анықтай алады, мысалы, рөлде телефон пайдалану немесе белдікті тақпау.
- Үшіншісі – Әкімшілік құқық бұзушылықтың бірыңғай тізілімі жүйесімен біріктірілген мемлекеттік деректер базаларын пайдалану.
Бұл құжаттарға қатысты бұзушылықтарды автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді, яғни техникалық байқаудың мерзімінің өтуі, сақтандыру полисінің болмауы, қаруды сақтауға берілген рұқсат мерзімінің аяқталуы және басқа да жағдайлар. Сонымен қатар заңнамада ескерту қарастырылған құқық бұзушылықтар бойынша жүйе автоматты түрде ескерту шығара алады.
Бұрын ол үшін полиция қызметкерінің қатысуы және істі қолмен рәсімдеу қажет еді. Мысалы, жолда кептеліс тудыру, сыртқы жарық құралдарын дұрыс пайдаланбау және басқа да жолда жүру қағидаларын бұзу жағдайлары.
"Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында таралған автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартады деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз. Бұл жүйелер тек көлік жүргізушілері тарапынан жасалған жолда жүру қағидаларын бұзуды анықтауға арналған. Жалпы алғанда, енгізілген өзгерістер қоғамдық және жол қауіпсіздігін арттыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және ауыр зардаптардың тәуекелін төмендетуге бағытталған. Цифрлық шешімдерді қолдану қауіпті мінез-құлықты дер кезінде анықтауға және азаматтардың өмірі мен денсаулығына төнетін қатердің алдын алуға мүмкіндік береді", – деді ҚР ІІМ ӘПК-нің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:05, 27 ақпан 2026
Еуразиялық көлік дәліздеріне кіретін жолдарда рұқсат етілетін габариттер туралы келісім ратификацияланды
-
16:50, 27 ақпан 2026
Вучич арнайы жасақ қызметкерлерін даярлау тәжірибесін Сербияға енгізуді ұсынды
-
16:45, 27 ақпан 2026
Мемлекет басшысы: Қазақстан Сербияның ЭКСПО-2027 көрмесін табысты өткізуін қолдайды
-
16:43, 27 ақпан 2026
Астана мен Белград арасындағы сауда-экономикалық байланыс жаңа деңгейге көтерілмек
-
16:40, 27 ақпан 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев: Сербия кәсіпкерлеріне Қазақстанда қолайлы жағдай жасауға дайынбыз





