Қазақстанда үй жануарларын есепке алу ережелері өзгерді
© Фото: pxhere
Экология және табиғи ресурстар министрі 2026 жылғы 12 тамыздағы бұйрығымен үй жануарларын есепке алу қағидаларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құжатқа сәйкес, иттер мен мысықтарды есепке алу міндетті түрде чип арқылы жүзеге асырылады.
Өзге үй жануарларын есепке алу үшін оның иесі қажетті бұйымды немесе құралды өзі таңдап, сатып алады.
Бұған дейін үй жануарларының асқазан-ішек жолына енгізілетін болюстерді есепке алу құралы ретінде пайдалануға рұқсат етілген еді. Енді бұл норма қағидалардан алынып тасталды.
Сондай-ақ есепке алу құралын орнатқаннан кейін деректер базасына енгізілетін мәліметтердің тізімі кеңейтілді.
Оған мыналар кіреді:
- жеке тұлға болып саналатын үй жануары иесінің жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) мен атауы;
- жеке тұлғаның тұрғылықты жері немесе заңды тұлғаның орналасқан жері мен заңды мекенжайы;
- үй жануары иесінің байланыс деректері;
- үй жануары ұсталатын орын;
- жануардың түрі, аты, тұқымы, жынысы, түсі, туған күні мен жасы;
- есепке алу бұйымының немесе құралының түрі, нөмірі мен деректері;
- үй жануарының жеке нөмірі;
- жүргізілген вакцинация мен зарарсыздандыру туралы ақпарат;
- үй жануары чипінің нөмірі. Иттер мен мысықтар үшін бұл мәліметті көрсету міндетті.
Сонымен қатар қағидалардан "ветеринар", "зоологиялық қонақүй", "байланыс зоопаркі", "жылжымалы хайуанаттар бағы" және "аулау қызметі" ұғымдары алынып тасталды.
Бұйрық 2026 жылғы 28 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұған дейін Қазақстанда үй жануарларын ұстау қағидалары өзгергені хабарланған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:40, 18 тамыз 2026
Оқушылардың Конституция туралы білімі қалай бағаланады
-
13:34, 18 тамыз 2026
Су астында 10 минутқа дейін дем алмай жүре алатын халық анықталды
-
13:13, 18 тамыз 2026
ChatGPT туралы 2012 жылғы жұмбақ жазба жұртты таңғалдырды
-
13:10, 18 тамыз 2026
Александр Бублик әйел теннисшімен күш сынасуға дайын, бірақ бір шарт қойды
-
13:02, 18 тамыз 2026
Астанада такси ішінде әдепсіз әрекет көрсеткен ер адам қамауға алынды





