Қатарынан екі титул жеңіп алған Жиенбаева WTA рейтингінде рекордтық көрсеткішке көтерілді
© Сурет: Instagram/sonja.zhiy
17 тамызда әлемнің үздік теннисшілерінің жаңартылған рейтингі жарияланды. Қазақстандық Соня Жиенбаева рейтингте айтарлықтай жоғарылап, ресми түрде 454-орынға көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
20 жастағы теннисші жекелей сында Қазақстанның үшінші ракеткасы атанды. Ол екі апта ішінде WTA рейтингінде 738-орыннан 454-орынға көтеріліп, ұлттық құрамадағы әріптестері Жібек Құламбаева (464-орын) мен Аружан Сағандықованы (625-орын) басып озды.
Сондай-ақ Жиенбаева қазіргі уақытта WTA-ның лайв-рейтингінде 381-орында тұр. Бұл нәтиже алдағы уақытта ресми рейтингте бекітіледі.
Осылайша қазақстандық теннисші әлемнің үздік спортшылары қатарына біртіндеп жақындап келеді. Салыстыру үшін айтсақ, 2026 жылдың басында ол әйелдер арасындағы әлемдік рейтингте 1089-орында тұрған еді.
Жиенбаеваның рейтингте мұншалықты жоғарылауына соңғы алты айдағы ITF Women турнирлерінде көрсеткен табысты өнері ықпал етті.
Әсіресе оның Испанияның Оренсе және Виго қалаларында өткен W75 және W35 санатындағы турнирлерде қатарынан екі рет чемпион атанғанын атап өткен жөн.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:01, 7 қыркүйек 2026
Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді
-
19:29, 7 қыркүйек 2026
Айдана Құмартаева таеквондодан Оңтүстік Кореядағы Гран-приде қола медаль жеңіп алды
-
17:52, 7 қыркүйек 2026
Татьяна Генелева маунтинбайктан Азия сериясында күміс жүлдегер атанды
-
16:59, 7 қыркүйек 2026
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қай ел жеңіске жеткені анықталды
-
14:36, 7 қыркүйек 2026
WTA Рыбакинаның US Open турнирінде Стародубцеваға қарсы ойынына пікір білдірді





