ChatGPT туралы 2012 жылғы жұмбақ жазба жұртты таңғалдырды
© Сурет: pexels
Әлеуметтік желі қолданушылары Х платформасынан 2012 жылы жарияланған, «ChatGPT-ті тоқтатуға» шақыратын жазба тауып алды. Бұл ерекше жазба қызу талқылауға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Vm.ru басылымының дерегінше, жазба 2012 жылғы 5 қазанда Meytrullers17 деген лақап атпен тіркелген қолданушының парақшасында жарияланған. Белгілі болғандай, бұл аккаунт Индонезияда тұратын қызға тиесілі.
Қызығы сол, ChatGPT нейрожелісінің алғашқы нұсқасын оны әзірлеген Сэм Альтманның компаниясы OpenAI тек 2022 жылы, яғни Х әлеуметтік желісіндегі (ол кезде Twitter деп аталған) бұл жазба жарияланғаннан кейін 10 жыл өткен соң таныстырды.
Желі қолданушылары бұл жағдайға қатысты түрлі болжамдар айтып жатыр. Желі қолданушылары мұны жасанды интеллектіні әзірлеуге қатысқан адамдардың алдын ала қалдырған ескертуі болуы мүмкін деп топшылайды.
Алайда мұнда бір маңызды жайт бар.
Жазбада әлеуметтік желі атауы бас әріппен емес, кіші әріппен жазылған және сөздер арасына бос орын қойылған: "Stop chat gpt!!". Индонезия тілінде GPT сөзінің қысқартылған нұсқасы "ga penting" деген сөз тіркесін білдіруі мүмкін. Оның мағынасы – "мағынасыз" немесе "керексіз" дегенге жақын.
Сондықтан бұл жазбаны "ChatGPT-ті тоқтатыңдар!" емес, "Спам жіберуді тоқтатыңдар!" деп түсіндіруге болады.
Аккаунт иесі ескі жазбасына қатысты пікір білдірмеген. Алайда оның жарияланымы 120 мыңнан астам лайк және 2 мыңнан астам пікір жинаған.
Бұған дейін ер адамның алимент төлемеу үшін ChatGPT-ден өз ұлын өлтіруге көмектесуін сұрағаны туралы жазған болатынбыз. Сондай-ақ АҚШ-тың Массачусетс штатында 17 жастағы жасөспірім анасы мен інісін өлтірді деп айыпталған. Прокуратура мәліметінше, қайғылы оқиғаға дейін ол ChatGPT-мен ақылдасқан.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:59, 18 тамыз 2026
Түбіртек бермеген сатушыны хабарлағандарға 1000 теңге беріледі
-
13:51, 18 тамыз 2026
Қазақстан мектептерінде оқушыларға смартфон қолдануға рұқсат етіле ме
-
13:46, 18 тамыз 2026
Мектеп бағдарламасындағы кейбір пәндердің атауы өзгерді
-
13:40, 18 тамыз 2026
Оқушылардың Конституция туралы білімі қалай бағаланады
-
13:34, 18 тамыз 2026
Су астында 10 минутқа дейін дем алмай жүре алатын халық анықталды





